Қыдырмоллаев Думан Нығыметұлы

    Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары

    Қыдырмоллаев Думан Нығыметұлы
    Басшының орынбасары

    Қыдырмоллаев Думан Нығыметұлы

    Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары

    Өмірбаян

    Жалпы ақпарат, білімі

    Думан Нығыметұлы Қыдырмоллаев – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.

    Д.Н. Қыдырмоллаев Шығыс Қазақстан облысының тумасы. 1979 жылғы 13 қыркүйекте Үржар ауданының Сегізбай ауылында дүниеге келген.

    2005 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірді.

    Үйленген. Төрт бала тәрбиелеп отыр.

    Еңбек жолы

    Еңбек жолын 2000 жылы Шығыс Қазақстан облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің № 50 өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіруші болып бастады.

    2001–2005 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтының курсанты.

    2005 жылғы қыркүйектен 2007 жыл аралығында Павлодар облысы бойынша «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ филиалы № 2 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы қызметін атқарды.

    2007 жылғы маусымнан 2010 жыл аралығында Павлодар облысы бойынша «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ филиалы № 33 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары.

    2010 жылғы желтоқсаннан 2014 жыл аралығында Павлодар облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 24 өрт сөндіру бөлімінің бастығы қызметін атқарды.

    2014 жылғы ақпаннан 2019 жыл аралығында Павлодар облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 14 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы.

    2019 жылғы шілдеден 2020 жыл аралығында Павлодар облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы.

    2020 жылғы қарашадан 2021 жыл аралығында Павлодар облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы орынбасарының міндетін атқарушы.

    2021 жылы Павлодар облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды.

    2024 жылғы қаңтардан 2025 жыл аралығында Түркістан облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» РММ бастығы.

    2025 жылғы қаңтарда Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

    2025 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері