
Өмірбаян
Амрин Рустамбек Нұрланұлы 1980 жылы 14 қаңтарда Ресей Федерациясының Омбы қаласында дүниеге келген. Ресей ІІМ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет Академиясының Екатеринбург филиалының түлегі, 2004 жылы Омбы заң институтын, 2009 жылы Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институтын, 2018 жылы П.А. Столыпин атындағы Омбы мемлекеттік аграрлық университетін (аспирантура) бітірген.
Білімі бойынша мамандығы: "Өрт қауіпсіздігі", " Құқықтану", "Ауыл, орман және балық шаруашылығындағы технологиялар, механикаландыру құралдары және энергетикалық жабдықтар".
1997 жылдан - Ресей ІІМ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет Академиясының Екатеринбург филиалының курсанты
2000 жылдан - Омбы облысы ІІБ мемлекеттік өртке қарсы қызметінің 1-ші отрядының № 20 өрт сөндіру бөлімінің жеке бекетінің профилактикалық құрамы тобының инспекторы
2001 жылдан - Омбы облысы ІІБ мемлекеттік өртке қарсы қызметінің 1-ші отряды № 20 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы
2005 жылдан - Омбы облысы бойынша Ресей ТЖМ Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің 1-ші отрядының "Сибнефть-ОНӨЗ" ААҚ қорғау бойынша № 20 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы
2006 жылдан - Астана қаласы бойынша "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММФ № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженер-ауысым басшысы
2006 жылғы қыркүйектен бастап - Астана қаласы бойынша "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММФ № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары
2007 жылдан - Астана қаласы бойынша "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММФ өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары Басқармасының өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары бөлімінің бастығы
2008 жылдан - Астана қаласы бойынша "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММФ Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары басқармасының бастығы
2008 жылдың қыркүйегінен - Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының бастығы
2009 жылдан - Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ № 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы
2011 жылдан - Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ № 1 Өрт сөндіру бөлімінің бастығы
2012 жылдан - Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ бастығының орынбасары
2016 жылдан - Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар Комитеті Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы
2019 жылдан - Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар Комитетінің Дағдарыс жағдайларындағы басқару орталығының бастығы
2020 жылдан - Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары
2020 жылдың қараша айынан - Қазақстан Республикасы ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы
2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы

