
Сердалин Әсет Ерболұлы
Павлодар облысы ТЖ департаменті бастығының бірінші орынбасары
Өмірбаян
Қазақстан Республикасы ТЖ Министрінің бұйрығымен 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтық қорғау полковнигі Әсет Ерболұлы Сердалин Павлодар облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.
Әсет Сердалин Солтүстік Қазақстан облысы Шал-ақын ауданы, Жаңасу ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2007 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтының "Өрт қауіпсіздігі инженері" мамандығын тәмамдады.
2003 жылдың тамызынан 2007 жылдың шілдесіне дейін - ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтының курсанты болды.
Еңбек жолын 2007 жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесі филиалының Тайынша ауданы 15-ӨСБ қарауыл бастығы болып бастады.
Кейінгі жылдары 2021 жылға дейін - Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД-да түрлі лауазымдарда қызмет етті.
2021 жылдан 2023 жылға дейін Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінде "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары лауазымында қызмет етті.
2023 жылдан 2025 жылдың қаңтарына дейін - "Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы болды.
Қызмет барысында мемлекеттік наградалармен 2016 жылы "Ерлігі үшін" медалімен, 2023 жылы II дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды.
Үйленген, үш баласы бар.

