
Жұмабеков Мақсат Түленұлы
Заместитель начальника Департамента по ЧС Павлодарской области
Өмірбаян
Павлодар обласы ТЖД бастығының орынбасары
Жалпы ақпарат, білімі
Мақсат Жұмабеков 1991 жылы Павлодар облысы Железин ауданының Антоновка ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. 2013 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Металлургия» мамандығы бойынша, 2018 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2017 жылы «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ бас маманының міндетін атқарушы лауазымынан бастады.
Кейінгі жылдары 2024 жылдың соңына дейін осы Департаментте түрлі лауазымдарда еңбек етті.
2025 жылғы қаңтардан 2026 жылғы қаңтарға дейін Павлодар облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының басшысы.
2026 жылдың қаңтардан қазіргі уақытқа дейін Павлодар облысы ТЖД бастығының орынбасары.
