Әкімінің орынбасары
Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары
Тағайындалған күні: 01.09.2026 жыл Жалпы ақпарат, білім Бөрлі ауданы әкімінің 2026 жылғы 01 қыркүйектегі №9-1/11-ө өкімімен Ерік Тілекбайұлы Төлепқалиев Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. 1986 жылы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Есенсай ауылында дүниеге келген. Білімі - жоғары 2008 жылы - М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Туризм» мамандығы; 2017 жылы - Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін «Құқықтану» мамандығы. Еңбек жолын 2009 жылы Батыс Қазақстан облысы Зелёнов ауданының балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының қосымша білім беру педагогы болып бастаған; 2011–2012 жылдары Батыс Қазақстан облысы Зелёнов ауданының ішкі саясат саласында және қоғамдық секторда жұмыс істеді: статист, «Жастық-Молодость» жастар қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, кейін төраға лауазымдарын атқарды. 2012 жылдың сәуір айынан бастап Зелёнов аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы болды; 2012–2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы Зелёнов ауданы әкімінің аппаратында қызметін жалғастырып, бас маманнан ұйымдастыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі және бақылау бөлімінің басшысы лауазымына дейінгі еңбек жолынан өтті; 2015–2016 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының консультанты, бас маманы болып қызмет атқарды; 2016 жылдың желтоқсанынан бастап 2018 жылдың тамызына дейін Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Қазақстан ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарды; 2018–2022 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында әр жылдары ақпараттық технологиялар, стратегиялық даму және цифрландыру, сондай-ақ ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімдерінің бас инспекторы лауазымдарын атқарды; 2022-2026 жылдары Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымында қызмет атқарды; 2026 жылдың қыркүйегінен бастап Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімінің орынасары лауазымына тағайындалды.