
Төлепқалиев Ерік Тілекбайұлы
Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Тағайындалған күні: 01.09.2026 жыл
Жалпы ақпарат, білім
Бөрлі ауданы әкімінің 2026 жылғы 01 қыркүйектегі №9-1/11-ө өкімімен Ерік Тілекбайұлы Төлепқалиев Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
1986 жылы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Есенсай ауылында дүниеге келген.
Білімі - жоғары
2008 жылы - М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Туризм» мамандығы;
2017 жылы - Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін «Құқықтану» мамандығы.
Еңбек жолын 2009 жылы Батыс Қазақстан облысы Зелёнов ауданының балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының қосымша білім беру педагогы болып бастаған;
2011–2012 жылдары Батыс Қазақстан облысы Зелёнов ауданының ішкі саясат саласында және қоғамдық секторда жұмыс істеді: статист, «Жастық-Молодость» жастар қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, кейін төраға лауазымдарын атқарды. 2012 жылдың сәуір айынан бастап Зелёнов аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы болды;
2012–2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы Зелёнов ауданы әкімінің аппаратында қызметін жалғастырып, бас маманнан ұйымдастыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі және бақылау бөлімінің басшысы лауазымына дейінгі еңбек жолынан өтті;
2015–2016 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының консультанты, бас маманы болып қызмет атқарды;
2016 жылдың желтоқсанынан бастап 2018 жылдың тамызына дейін Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Қазақстан ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарды;
2018–2022 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында әр жылдары ақпараттық технологиялар, стратегиялық даму және цифрландыру, сондай-ақ ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімдерінің бас инспекторы лауазымдарын атқарды;
2022-2026 жылдары Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымында қызмет атқарды;
2026 жылдың қыркүйегінен бастап Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімінің орынасары лауазымына тағайындалды.


