
Имашев Дулат Бауыржанұлы
Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Имашев Дулат Бауыржанович - 1978 жылы Казталов ауданы Казталов ауылында дүниеге келген. Білімі - жоғары, 1999 жылы - Батыс Қазақстан аграрлық университетін «АӨК экономикасы мен менеджменті» мамандығы бойынша аяқтаған.
Әр жылдары Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасының жергілікті бюджеттердің атқарылуын әзірлеу, талдау және бақылау жиынтық бөлімінің жетекші экономисі, Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасының жергілікті бюджеттің атқарылуын әзірлеу, талдау және бақылау жиынтық бөлімінің бас экономисі, Батыс Қазақстан облысының қаржы департаментінің бюджетті атқару процессін талдау және үйлестіру бөлімінің бас маман-экономисі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облыстық басқармасының денсаулық сақтау ұйымының қызметін талдау және бағалау бөлімінің бас маманы, Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы департаментінің әкімшілік бөлімінің бастығы, Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы департаментінің агроөнеркәсіптік кешенін қаржыландыру бөлімінің бастығы, Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары, Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы басшысының орынбасары, Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасының басшысы, Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болып қызмет атқарған.
2023 жылдың қыркүйек айынан бастап Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Үйленген, үш баласы бар.



