
Өмірбаян
Тағайындалған күні: 03.08.2015 жыл
Жалпы ақпарат, білім
Бексеитов Алтынбек Климович - 1970 жылы туған, білімі жоғары, 1993 жылы-Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын «Ветеринария» мамандығы бойынша, 2003 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Биология» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолы
1993-1999 ж.ж.-Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы «Белогор» совхозының ветеринарлық технигі;
1999-2003 ж.ж. - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Белогор орта мектебінің мұғалімі;
2003-2012 ж.ж. - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Белогор селолық округінің әкімі;
2012-2014 ж.ж.-Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы;
02-04.2014 ж. - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының «Шыңғырлау аудандық ветеринарлық станциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Қарағаш ауылдық округі ветеринарлық учаскесінің меңгерушісі;
2014-2015 ж.ж.- Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы «Бөрлі аудандық ветеринарлық станциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры;
2015 жылдың 03 тамызынан бастап Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы;





