Баяндыков Арсен Толкынович

    Ақсай қаласының әкімі

    Баяндыков Арсен Толкынович
    Аким

    Баяндыков Арсен Толкынович

    Ақсай қаласының әкімі

    Өмірбаян

    Тағайындалған күні: 12.04.2021 жыл

    Жалпы ақпарат, білім

    Арсен Толкынович Баяндыков - 1982 жылы туған, білімі-жоғары, 2002 жылы - А.С.Пушкин атындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетін құқықтану мамандығы бойынша, 2006 жылы - «Еуразия» Батыс Қазақстан тілдер және менеджмент институтын есеп және аудит мамандығы бойынша аяқтаған.

    Еңбек өтілі:

    2002-2005 жж. - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы бойынша салық комитетінің ұйымдастыру, құқықтық қамтамасыз ету және өндіру бөлімінің салық инспекторы-заңгер;

    2005-2006 жж. - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Әділет басқармасының бас маманы;

    2006-2007 жж. - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы-заңгер;

    2007-2013 жж. - Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы;

    2013-2017 жж. - Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы;

    2017-2020 жж. - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімінің орынбасары;

    2020-2021 жж. - Батыс Қазақстан облысы «Azat Capital» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары;

    2021 жылғы 12 сәуірден бастап Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласының әкімі лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері