Бөлім басшысы
Тіл саясаты және ономастикалық жұмыстарды үйлестіру бөлімінің басшысы
Қуаныш Айгүл Базарбайқызы 30 қаңтар 1982 жылы Атырау облысы Атырау қаласында дүниеге келдім. Тегім, атым, әкемнің аты ауыспаған. Білімім жоғары 1999-2004 жылдары Атырау мұнай және газ институтында оқып, оны инженер-экономист мамандығы бойынша аяқтады. 2016-2018 жылдары Казақстан инновациялық және коммуникациялық жүйелер университетінде оқып, оны құқықтану мамандығы бойынша аяқтады. 2020-2023 жылдары Казақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде оқып, экономика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін иеленді. 2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясынан ҚР СТ ISO21500 стандартталған «Жоба басшысы», IV деңгейін меңгерген «Тренер-кеңесші» бизнес-тренер біліктілігін растады. Сонымен қатар, 2024-2025 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің» мемлекеттік басқару және бизнес магистрі дәрежесін иеленді.