
Жылқыбекұлы Асылбек
Мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру және кадр жұмыстары бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Жылқыбекұлы Асылбек 24.09.1988 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылында дүниеге келді. Тегі, аты, әкесінің аты ауыспаған.
Білімі жоғары 2006-2010 жылдары Халел Досмұхаметов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде оқып, оны мемлекеттік жергілікті басқару мамандығы бойынша аяқтады.
25.02.2011 жылдан бастап "Өрт сөндіруші" АҚ филиалы "Потенциал Ойл" ЖШС-де қауіпсіздік бойынша нұсқаушы болып жұмыс жасадым, 13.05.2011 жылы өз еркімен босатылды.
2011-2012 жылдары Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында әлеуметтік мәселелер жөніндегі маман болып қызмет атқарды.
2012-2013 жылдары Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында қаржыландыру бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарды, өз еркімен жұмыстан босатылды.
2013-2018 жылдары Сағыз ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы болып қызмет атқарды, өз еркімен жұмыстан босатылды.
2018-2023 жылдары Атырау облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру және кадр жұмыстары бөлімі бас маманы болып қызмет атқарды.
2023-2026 жылдары Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру және кадр жұмыстары бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарды.
2026 жылдан бастап Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру және кадр жұмыстары бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер қатарында әскерде болған жоқ, әскери міндетті.




