
Өмірбаян
Қуаныш Айгүл Базарбайқызы1982 жылы 30 қаңтарда дүниеге келген.
Білімі
1999 - 2004 жж. Атырау мұнай және газ институты, мамандығы – мұнай және газ саласындағы экономика және менеджмент , инженер-экономист;
2016-2018 жж. Қазақстан инновациялық және теллекомуникациялық жүйелер университеті, мамандығы – құқықтану, құқық бакалавры;
2020 ж. – РФ Мәскеу халықаралық академиясы, экономика ғылымдары магистратурасының магистранты.
2004 - 2009 жылдары - Есепші, қосымша экономика пәнінің мұғалімі, «Атырау бизнес және құқық колледжі»;
2009 - 2012 жылдары - Экономист, қосымша экономика және мемлекеттік мекемелердегі бюджеттік жоспарлау бағыты бойынша мұғалім, Атырау облысы әкімі аппараты «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
2012 – 2017 жылдары - Бас маман-есепші, Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы;
2017 - 2019 жылдары - Әкімшілік бөлімінің басшысы, Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы;
2019 - 2021 жылдары - Тіл саясаты, талдау және мониторинг бөлімінің басшысы, Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы;
2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Тілдерді дамыту және талдау бөлімінің басшысы, Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы.


