Қуаныш Айгүл Базарбайқызы

    Тіл саясаты және ономастикалық жұмыстарды үйлестіру бөлімінің басшысы

    Қуаныш Айгүл Базарбайқызы
    Бөлім басшысы

    Қуаныш Айгүл Базарбайқызы

    Тіл саясаты және ономастикалық жұмыстарды үйлестіру бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Қуаныш Айгүл Базарбайқызы 30 қаңтар 1982 жылы Атырау облысы Атырау қаласында дүниеге келдім. Тегім, атым, әкемнің аты ауыспаған.

    Білімім жоғары 1999-2004 жылдары Атырау мұнай және газ институтында оқып, оны инженер-экономист мамандығы бойынша аяқтады.

    2016-2018 жылдары Казақстан инновациялық және коммуникациялық жүйелер университетінде оқып, оны құқықтану мамандығы бойынша аяқтады.

    2020-2023 жылдары Казақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде оқып, экономика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін иеленді.

    2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясынан ҚР СТ ISO21500 стандартталған «Жоба басшысы», IV деңгейін меңгерген «Тренер-кеңесші» бизнес-тренер біліктілігін растады.

    Сонымен қатар, 2024-2025 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің» мемлекеттік басқару және бизнес магистрі дәрежесін иеленді.

    2004-2009 жыл аралығында Атырау бизнес және құқық колледжінде есепші болып еңбек жолын бастадым, өз еркімен жұмыстан босатылды.

    2009-2011 жыл аралығында Атырау облысы әкімі аппараты «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында экономист болып жұмыс жасадым, өз еркімен жұмыстан босатылды.

    2012-2017 жыл аралығында Атырау облысы Тілдерді дамыту басқармасында бас маман-есепші болып жұмыс жасап, басқа лауазымға ауыстырылды.

    2017-2019 жыл аралығында Атырау облысы Тілдерді дамыту басқармасында әкімшілік бөлімінің басшысы болып жұмыс жасап, басқа лауазымға ауыстырылды.

    2019-2021 жыл аралығында Атырау облысы Тілдерді дамыту басқармасында тіл саясаты, талдау және мониторинг басшысы болып жұмыс жасады, басқарманың құрылымының өзгеруіне орай басқа лауазымға ауысуына байланысты жұмыстан босатылды.

    2021-2023 жыл аралығында Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасында тілдерді дамыту, талдау және мониторинг бөлімінің басшысы болып жұмыс жасадым, басқарманың құрылымы өзгеруіне байланысты басқа лауазымға ауыстырылды.

    2023-2024 жыл аралығында Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасында ономастика және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы болып жұмыс жасадым, бағалау нәтижесі бойынша басқа лауазымға ауыстырылды.

    2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасында тіл саясаты және ономастикалық жұмыстарды үйлестіру бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқаруда.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері