Қызметкерлер — Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

    Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    6
    Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы
    Қызметкерлер

    Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы

    Қазақстан Республикасының атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы

    Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев 1970 жылы 31 қазанда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет (1992 ж.), Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін Executive MBA бағдарламасы бойынша, Duke University’s Fuqua School of Business-пен бірлескен бағдарламасы (2015 ж.), Стенфорд университетінің Жоғары бизнес мектебін Stanford Executive Program бағдарламасы бойынша (2016 ж.) бітірген. Тілдерді меңгеру: Қазақ, орыс, ағылшын.

    Асылов Қуаныш Жұмабекұлы
    Қызметкерлер

    Асылов Қуаныш Жұмабекұлы

    Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің аппарат басшысы

    Асылов Қуаныш Жұмабекұлы 1973 жылы 14 наурызда Алматы қаласында туылған. Құқықтану ғылымдарының магистрі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және саясаттану ғылымдарының магистрі Вашингтон Дюк университеті Сэнфорд мемлекеттік саясат мектебі, АҚШ

    Жантикин Тимур Мифтахұлы
    Қызметкерлер

    Жантикин Тимур Мифтахұлы

    Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі төрағасының орынбасары

    ЖАНТИКИН Тимур Мифтахұлы 1954 жылы 7 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген. Новосибирск мемлекеттік университетін (1976) "Физика және қолданбалы математика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Физика-математика ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы: "Кейбір интерметаллидтер мен аморфты темір қорытпаларының радиациялық зақымдануының Мессбауэр спектроскопиясы "(1987)

    Лавренов Василий Сергеевич
    Қызметкерлер

    Лавренов Василий Сергеевич

    Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары

    Лавренов Василий Сергеевич 1979 жылғы 17 қарашада дүниеге келген. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын үздік тәмамдады. 2004 жылы Дюк университетінің Құқық мектебі мен Жапониядағы Киюшу университетінің халықаралық құқық бағдарламасын аяқтады.

    Серғазин Ғұмар Екпінұлы
    Қызметкерлер

    Серғазин Ғұмар Екпінұлы

    Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары

    Серғазин Ғұмар Екпінұлы 1986 жылы 20 маусымда дүниеге келген. Қазақ-Америка Университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша (магистратура), Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттіктің Ядролық құқық институтын (Аустрия), А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша бітірген\тәмамдаған.

    Махамбетов Әсет Кеңесбекұлы
    Қызметкерлер

    Махамбетов Әсет Кеңесбекұлы

    Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары

    Махамбетов Асет Кенесбекович 1991 жылы дүниеге келген. «Ядролық инженерия» (Nuclear Engineering) мамандығы бойынша Пенсильвания мемлекеттік университетін (The Pennsylvania State University, АҚШ (2014) тәмамдаған.

    Департаменты

    11
    Бақтияр Спандияр Бақтиярұлы
    Қызметкерлер

    Бақтияр Спандияр Бақтиярұлы

    Әкімшілік жұмыс және цифрландыру департаменті директоры

    Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Ресей халықтар достығы университетін (Мәскеу, Ресей), Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін бітірген.

    Здоровец Максим Владимирович
    Қызметкерлер

    Здоровец Максим Владимирович

    Ғылым және инновациялар департаментінің директоры

    Максим Владимирович Здоровец (1984 ж. 8 маусым, Қазақстан) – физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор, конденсацияланған күй физикасы, радиациялық технологиялар және ядролық ғылым саласының маманы. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Физика және информатика» мамандығы бойынша бітірген (2005). «Ядролық энергетика және жылу физикасы» бағыты бойынша «МИФИ» Ұлттық зерттеу ядролық университетінің магистратурасын бітірген. 2005–2008 жж. – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аспирантурасында 01.04.07 – конденсацияланған күй физикасы мамандығы бойынша білім алды. 2010 ж. – кандидаттық диссертациясын қорғады. Ғылыми қызметі Ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары: тректік мембраналар физикасы және материалдардағы радиациялық-индукцияланған процестер, энергетика, экология және су тазартуға арналған функционалдық мембраналық жүйелерді әзірлеу, материалтану мен өнеркәсіпте ядролық-физикалық әдістерді қолдану. Ғылыми нәтижелері іргелі және қолданбалы маңызға ие, жаңа қасиеттері бар материалдар жасауға және өнеркәсіпке радиациялық технологияларды енгізуге бағытталған. ДЦ-60 үдеткішінде тректік мембраналар және радиациялық материалтану саласындағы ғылыми бағытты қалыптастырды және дамытып келеді. Оның жетекшілігімен инновациялық мембраналық технологияларды әзірлеуге және өнеркәсіпте ядролық-физикалық әдістерді қолдану аясын кеңейтуге бағытталған ғылыми-техникалық бағдарламалар мен халықаралық жобалар, соның ішінде Brookhaven National Laboratory және Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) қатысуымен сәтті жүзеге асырылды. Зерттеу нәтижелері мембраналық технологиялар және экологиялық шешімдер саласында енгізілуде. Халықаралық рецензияланған басылымдарда жарияланған 300-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға және қазақстандық ғылымды әлемдік ғылыми кеңістікке интеграциялауға белсенді қатысады. Оның жетекшілігімен жас мамандар мен зерттеушілер даярланып, радиациялық технологиялар және функционалдық материалдар саласында заманауи ғылыми мектеп қалыптасуда.

    Уполномоченный по этике

    1

    Басқа қызметкерлер

    2