Жантикин Тимур Мифтахұлы

    Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі төрағасының орынбасары

    Жантикин Тимур Мифтахұлы
    Заместитель Председателя

    Жантикин Тимур Мифтахұлы

    Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі төрағасының орынбасары

    Өмірбаян

    ЖАНТИКИН Тимур Мифтахұлы 1954 жылы 7 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген. Новосибирск мемлекеттік университетін (1976) "Физика және қолданбалы математика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Физика-математика ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы: "Кейбір интерметаллидтер мен аморфты темір қорытпаларының радиациялық зақымдануының Мессбауэр спектроскопиясы "(1987)

    Еңбек өтілі:

    Қазақстан Ғылым Академиясы ядролық физика институтының аға зертханашысы, инженері, кіші ғылыми қызметкері (1976-1992);

    Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің бөлім бастығы, бас директорының орынбасары (1992-1995);

    Қазақстан Республикасының МН-АН жанындағы Атом энергиясы агенттігінің бас директоры (10.1995-03.1999);

    Қазақстан Республикасы Атом энергиясы комитетінің төрағасы (ғылым және жоғары білім министрлігі, 10.1999 - ХЭИТ, 12.2000 - ЭМРМ) (03.1999);

    Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергиясы комитетінің төрағасы (03.2010-07.05.2012);

    Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің төрағасы (22.05.2012-12.2013);

    Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергиясы комитеті төрағасының орынбасары (12.2013-2014);

    Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары (2014-2016);

    "Қазақстандық атом электр станциялары" АҚ Бас директоры (2016-25.04. 2025);

    Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі төрағасының орынбасары (25.04.2025 бастап).

    Басқа лауазымдар:

    "Қазатомөнеркәсіп" ЖАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (1999-2001);

    Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитеті жанындағы Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Кеңестің мүшесі

    Мемлекеттік және халықаралық наградалар, сыйлықтар, құрметті атақтар:

    Ресей Федерациясы Үкіметінің ғылым және техника саласындағы Сыйлығының лауреаты (1997)

    "Құрмет" ордені, медальдар

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері