
Серғазин Ғұмар Екпінұлы
Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары
Өмірбаян
Серғазин Ғұмар Екпінұлы 1986 жылы 20 маусымда дүниеге келген.
Қазақ-Америка Университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша (магистратура), Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттіктің Ядролық құқық институтын (Аустрия), А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша бітірген\тәмамдаған.
Еңбек жолын 2008 жылы Астана қаласындағы «Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесінде инспектор қызметінен бастады.
2009-2011 жылдар аралығында «Астана қаласы Сарыарқа ауданының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесінде кеңесші, бас инспектор, операциялық зал басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
2011 жылы Алматы қаласындағы «БТА Банк» АҚ-ның Заң департаменті корпоративтік бизнесті құқықтық қамтамасыз ету басқармасының несиелік жобаларды құқықтық сүйемелдеу бөлімінің заңгері (заң секторының меңгерушісі) болып жұмыс істеді.
2011-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде мемлекеттік қызметін бастады: Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық департаментінің тұрғын үй қатынастары басқармасында сарапшы, бас сарапшысы болып қызмет атқарды.
2013-2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаменті Тұрғын үй қатынастары басқармасының бас сарапшысы лауазымын атқарды.
2014 жылы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде мансабын жалғастырды\жалғастырып, Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінде ішкі әкімшілендіру басқармасын, сондай-ақ заң басқармасын басқарды
2014-2016 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қайта құрылуына байланысты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің заң басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2016-2017 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер департаменті директорының орынбасары лауазымында қызметін атқарды\ лауазымын атқарды.
2017-2023 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды\лауазымындағы міндеттерді атқарды.
2023-2025 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры қызметін атқарды.
2025 жылғы сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалған.




