Лавренов Василий Сергеевич

    Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары

    Лавренов Василий Сергеевич
    Заместитель Председателя

    Лавренов Василий Сергеевич

    Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары

    Өмірбаян

    Лавренов Василий Сергеевич 1979 жылғы 17 қарашада дүниеге келген. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын үздік тәмамдады. 2004 жылы Дюк университетінің Құқық мектебі мен Жапониядағы Киюшу университетінің халықаралық құқық бағдарламасын аяқтады.

    Еңбек жолы:

    Еңбек қызметін 1999 жылы «Титул» заң агенттігі» ЖШС-де заңгер көмекшісі болып бастаған. Кейін «GRATA» заң фирмасы» ЖШС-де заңгер болып жұмыс істеген.

    «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ заң департаментінің заң кеңесшісі (2001–2002 жж.);

    «GRATA» заң фирмасы» ЖШС-де серіктес (2002–2005 жж.);

    «Bateman Kazakhstan Oil and Gas Company B.V.» компаниясының Қазақстандағы филиалында заң қызметінің басшысы – құқықтық мәселелер жөніндегі бас кеңесші (2005–2007 жж.);

    Қазақстан Республикасындағы «Интегра Менеджмент» жабық акционерлік қоғамының мұнайсервис компаниясы өкілдігінде заң қызметінің директоры (2007–2008 жж.);

    «Eastcomtrans» компаниялар тобының заң департаментінің директоры – бас заң кеңесшісі (2008–2017 жж.);

    Greenline Services Ltd компаниясында аға серіктес – кеңесші (2019–2022 жж.);

    «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары (2022–2025 жж.);

    2025 жылғы 23 мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері