Здоровец Максим Владимирович

    Ғылым және инновациялар департаментінің директоры

    Здоровец Максим Владимирович
    Директор

    Здоровец Максим Владимирович

    Ғылым және инновациялар департаментінің директоры

    Өмірбаян

    Максим Владимирович Здоровец (1984 ж. 8 маусым, Қазақстан) – физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор, конденсацияланған күй физикасы, радиациялық технологиялар және ядролық ғылым саласының маманы.

    М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Физика және информатика» мамандығы бойынша бітірген (2005). «Ядролық энергетика және жылу физикасы» бағыты бойынша «МИФИ» Ұлттық зерттеу ядролық университетінің магистратурасын бітірген.

    2005–2008 жж. – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аспирантурасында 01.04.07 – конденсацияланған күй физикасы мамандығы бойынша білім алды.

    2010 ж. – кандидаттық диссертациясын қорғады.

    Ғылыми қызметі
    Ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары: тректік мембраналар физикасы және материалдардағы радиациялық-индукцияланған процестер, энергетика, экология және су тазартуға арналған функционалдық мембраналық жүйелерді әзірлеу, материалтану мен өнеркәсіпте ядролық-физикалық әдістерді қолдану.
    Ғылыми нәтижелері іргелі және қолданбалы маңызға ие, жаңа қасиеттері бар материалдар жасауға және өнеркәсіпке радиациялық технологияларды енгізуге бағытталған.
    ДЦ-60 үдеткішінде тректік мембраналар және радиациялық материалтану саласындағы ғылыми бағытты қалыптастырды және дамытып келеді. Оның жетекшілігімен инновациялық мембраналық технологияларды әзірлеуге және өнеркәсіпте ядролық-физикалық әдістерді қолдану аясын кеңейтуге бағытталған ғылыми-техникалық бағдарламалар мен халықаралық жобалар, соның ішінде Brookhaven National Laboratory және Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) қатысуымен сәтті жүзеге асырылды.
    Зерттеу нәтижелері мембраналық технологиялар және экологиялық шешімдер саласында енгізілуде.
    Халықаралық рецензияланған басылымдарда жарияланған 300-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға және қазақстандық ғылымды әлемдік ғылыми кеңістікке интеграциялауға белсенді қатысады. Оның жетекшілігімен жас мамандар мен зерттеушілер даярланып, радиациялық технологиялар және функционалдық материалдар саласында заманауи ғылыми мектеп қалыптасуда.

    2006 ж. – еңбек жолын Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы Физика және жоғары технологиялар институтында бастады.
    2007–2009 жж. – Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығының Ғарыштық мониторинг орталығында жетекші маман.
    2009–2025 жж. – Ядролық физика институтында қызмет атқарды: кіші ғылыми қызметкер, Астана филиалының директоры (2010–2025).
    2025 жылдан бастап – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ инженерлік бейіндегі зертханасының аға ғылыми қызметкері.
    Мемлекеттік және ғылыми-ұйымдастырушылық қызметі
    2017–2021 жж. – «Энергетика және машина жасау» басымдығы бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің төрағасы.
    2017–2020 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі.
    2017–2022 жж. – Біріккен ядролық зерттеулер институты Ғылыми кеңесінің мүшесі.
    2023–2025 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым және технологиялар жөніндегі кеңестің мүшесі.
    Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың ғылыми-консультативтік комитетінің мүшесі.

    Марапаттары
    2010 ж. – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.
    2020 ж. – «Ерен еңбегі үшін» медалі.
    2020 ж. – Қ.И. Сәтпаев атындағы сыйлықтың лауреаты.
    2021 ж. – ҚР БҒМ «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығының иегері.
    Thomson Reuters «Ғылым көшбасшысы» және Top Springer Author халықаралық ғылыми марапаттарының иегері.
    «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері