Қызметкерлер — Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы

    Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    2
    Қаратаева Амангүл Жанбырбайқызы
    Қызметкерлер

    Қаратаева Амангүл Жанбырбайқызы

    "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" ММ басшысы

    1990 жылғы 6 ақпанда Ақтөбе облысында дүниеге келген. 2008 жылы Ақтөбе экономика және статистика колледжін «Қаржы» мамандығы бойынша, 2012 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша, 2023 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

    Казиева Жанара Кайратовна
    Қызметкерлер

    Казиева Жанара Кайратовна

    "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" ММ Басшысының орынбасары

    1991 жылы 26 қарашада Ақмола облысында дүниеге келген. 2011 жылы Ақтөбе байланыс және электротехника колледжін, 2014 жылы Д.А. Қонаев атындағы көлік және құқық гуманитарлық университетін, 2020 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі-экономика.

    Уполномоченный по этике

    1

    Басқа қызметкерлер

    4
    Жумагазин Алмат Бағдатұлы
    Қызметкерлер

    Жумагазин Алмат Бағдатұлы

    "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы "ММ қызметтердің емлекеттік сатып алулар процедураларын өткізу бөлімінің басшысы

    1979 жылғы 26 маусымда Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық ауылында дүниеге келген. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі — заңгер. Мансап Еңбек жолын 2001-2004 жылдары Ақтөбе қаласындағы «Қазақстан темір жолы» РМК-да тепловоз машинисінің көмекшісі болып бастаған. 2005-2006 жылдары — «Локомотив» АҚ филиалы Шұбарқұдық пайдалану локомотив депосының заңгері. 2006-2007 жылдары — «Локомотив» АҚ филиалы Қандыағаш пайдалану локомотив депосының заңгері. 2010-2012 жылдары — «Қазтеміртранс» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының заңгер-кеңесшісі. 2012-2014 жылдары — Ақтөбе облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының заңгері. 2014 жылдан бастап — Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің бас маманы. 2014-2015 жылдары — «Ақтөбе облыстық футбол клубы» АҚ заңгері, Ақтөбе қаласы. 2015 жылғы қаңтардан 2015 жылғы қазанға дейін — «Ақтөбе облыстық футбол клубы» АҚ мемлекеттік сатып алу жөніндегі маманы, Ақтөбе қаласы. 2017 жылдан бастап — «Намыс» кәсіби спорт клубы» МКҚК заңгері, Ақтөбе қаласы. 2017-2019 жылдары — Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының компьютерлік техника операторы. 2019 жылдан бастап — Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының әкімшілік-экономикалық жұмыстар бөлімінің бас маманы. 2019-2026 жылдары — Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бөлімінің бас маманы. 2026 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін — Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бөлімінің басшысы.

    Жансаулина Ботагоз Байгалиевна
    Қызметкерлер

    Жансаулина Ботагоз Байгалиевна

    "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" ММ жұмыстардың мемлекеттік сатып алулар процедураларын өткізу бөлімінің басшысы

    1992 жылғы 31 тамызда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2011 жылы Ақтөбе экономика және статистика колледжін, 2014 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі — қаржы саласының маманы.

    Ахмедияр Ажар Ерланқызы
    Қызметкерлер

    Ахмедияр Ажар Ерланқызы

    «Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік сатып алулар саласындағы шағымдарды қарау бөлімінің басшысы

    1997 жылғы 1 қаңтарда Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Майтөбе ауылында дүниеге келген. 2015 жылы Ақтөбе кооперативтік колледжін «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2022 жылы Бәйішев университетін «Құқықтану: азаматтық-құқықтық» мамандығы бойынша бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі — заңгер. Мансап Еңбек жолын 2016 жылы Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе облысы бойынша соттар әкімшісінің кеңсесінде іс жүргізуші болып бастаған. 2016-2018 жылдары— Хромтау аудандық сотының жетекші маманы 2018-2022 жылдары— Хромтау аудандық сотының бас маманы 2024 жылғы маусымнан 2024 жылғы қыркүйекке дейін — Хромтау ауданы әкімі аппаратының бас инспекторының міндетін атқарушысы 2024-2025 жылдары — Хромтау ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы 2025 жылғы қыркүйектен қазіргі уақытқа дейін — «Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік сатып алу саласындағы шағымдарды қарау бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды. Марапаттары «Ақтөбе облысы әкімінің Алғыс хаты»

    Избанов Молдабай Кенжетайұлы
    Қызметкерлер

    Избанов Молдабай Кенжетайұлы

    "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" ММ тауарлардың мемлекеттік сатып алулар рәсімдерін өткізу және мониторинг бөлімінің басшысы

    1995 жылғы 9 тамызда Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласында дүниеге келген. 2013 жылы Ақтөбе ауыл шаруашылығы колледжін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша, ал 2020 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.