
Жансаулина Ботагоз Байгалиевна
"Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" ММ жұмыстардың мемлекеттік сатып алулар процедураларын өткізу бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1992 жылғы 31 тамызда Ақтөбе қаласында дүниеге келген.
2011 жылы Ақтөбе экономика және статистика колледжін, 2014 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
Мамандығы бойынша біліктілігі — қаржы саласының маманы.
Еңбек жолын 2011 жылы Мәртөк ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде қоғамдық қызметкер болып бастаған.
2011-2012 жылы— Мәртөк ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жастар практикасы
2012 жылғы мамырдан 2012 жылғы маусымға дейін — қоғамдық қызметкер
2012 - 2013 жылдары— Токмансай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы
2013 - 2014 жылдары — Мәртөк ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы
2014 жылғы сәуірден 2014 жылғы шілдеге дейін — Ақтөбе облысы «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» әкімшілік-қаржы бөлімінің бас маманы
2014 жылғы шілдеден 2014 жылғы қыркүйекке дейін — Ақтөбе облысы «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік сатып алу және жоспарлау бөлімінің бас маманы
2014 -2015 жылдары — әкімшілік-қаржы бөлімінің бас маманы
2015 -2016 жылдары— Жолаушылар көлігі бөлімінің бас маманы
2016 -2019 жылдары— Ақтөбе облысы «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік сатып алу және жоспарлау бөлімінің басшысы
2019 жылғы ақпаннан 2019 жылғы қарашаға дейін Ақтөбе облысы «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» сметалық-техникалық бөлімнің бас маманы
2019 -2025 жылдары — Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бөлімінің бас маманы
2025 жылғы қаңтардан қазіргі уақытқа дейін — Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бөлімінің басшысы лауазымын атқарып келеді.
Марапаттары
«Ақтөбе облысы әкімінің Алғыс хаты»


