
Избанов Молдабай Кенжетайұлы
"Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" ММ тауарлардың мемлекеттік сатып алулар рәсімдерін өткізу және мониторинг бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1995 жылғы 9 тамызда Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласында дүниеге келген.
2013 жылы Ақтөбе ауыл шаруашылығы колледжін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша, ал 2020 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2014 жылы Ақтөбе қаласы Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты ММ-де жастар тәжірибесі бойынша тағылымдамадан өтуші ретінде бастаған.
2014 жылдың қазан айынан бастап – Ақтөбе қаласы Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты ММ-де қоғамдық жұмысшы.
2014–2017 жылдары – Ақтөбе қаласы №53 жалпы орта білім беретін мектебі ММ-де зертханашы-бағдарламашы.
2017 жылдың шілде айынан қазан айына дейін – Ақтөбе облысы бойынша Соттар әкімшілігі РММ-де инспектор.
2017 жылдың қазан айынан желтоқсан айына дейін – Ақтөбе қаласы Благодар ауылдық округі әкімінің аппараты ММ-де жетекші маманның міндетін атқарушы.
2017 жылдың желтоқсан айынан 2018 жылдың мамыр айына дейін – Ақтөбе қаласы Благодар ауылдық округі әкімінің аппараты ММ-де жетекші маман.
2018–2019 жылдары – Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты ММ-де кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің жетекші маманы.
2019 жылдың сәуір айынан маусым айына дейін – Ақтөбе қаласы экономика және қаржы бөлімі ММ-де экономикалық жоспарлау, талдау және мониторинг секторының бас маманы.
2019 жылдың маусым айынан қыркүйек айына дейін – Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты ММ-де әлеуметтік жұмыс бөлімінің бас маманы.
2019–2020 жылдары – Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты ММ-де кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бас маманы.
2020 жылдың наурыз айынан қараша айына дейін – Ақтөбе қаласы кәсіпкерлік бөлімі ММ-де инновациялық даму секторының бас маманы.
2020–2021 жылдары – Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімінің аппараты ММ-де құжаттамалық қамтамасыз ету және ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы.
2021 жылдың қазан айынан 2022 жылдың қаңтар айына дейін – Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімінің аппараты ММ-де құжаттамалық қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтерді үйлестіру және ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы.
2022 жылдың қаңтар айынан қараша айына дейін – Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы ММ-де тауарларды мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бөлімінің бас маманы.
2022 жылдың қараша айынан 2025 жылдың қазан айына дейін – Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы ММ-де жұмыстарды мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бөлімінің бас маманы.
2025 жылдың қазан айынан 2026 жылдың наурыз айына дейін – «Ақтөбе» ӘКК» АҚ-да бас маман.
2026 жылдың сәуір айынан қазіргі уақытқа дейін – Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы ММ-де тауарларды мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу және мониторинг бөлімінің басшысы міндетін атқарушы.


