
Казиева Жанара Кайратовна
"Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" ММ Басшысының орынбасары
Өмірбаян
1991 жылы 26 қарашада Ақмола облысында дүниеге келген. 2011 жылы Ақтөбе байланыс және электротехника колледжін, 2014 жылы Д.А. Қонаев атындағы көлік және құқық гуманитарлық университетін, 2020 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын бітірген.
Мамандығы бойынша біліктілігі-экономика.
Еңбек жолын 2015 жылы «Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы» ММ инспекторы болып бастады.
2015 - 2018 жылдары «Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы» ММ талдау, мониторинг және Тапсырыс берушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы.
2018-2019 жылдары - «Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы» ММ техникалық мониторинг, сатып алуды электрондық сүйемелдеу және Тапсырыс берушілермен жұмыс бөлімінің басшысы.
2019 жылдан 2022 жылға дейін «Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы» ММ сатып алуды мониторингілеу, электрондық сүйемелдеу және Тапсырыс берушілермен жұмыс бөлімінің басшысы.
2022 жылғы 13 сәуірден бастап - «Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы» ММ басшысының орынбасары
