
Қаратаева Амангүл Жанбырбайқызы
"Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" ММ басшысы
Өмірбаян
1990 жылғы 6 ақпанда Ақтөбе облысында дүниеге келген.
2008 жылы Ақтөбе экономика және статистика колледжін «Қаржы» мамандығы бойынша, 2012 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша, 2023 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы Ақтөбе облысының статистикалық есептілік орталығы» ЕМК қаржы және шағын кәсіпорындар секторының маманы болып бастаған.
2011 жылы - «Ақтөбе облысының статистика департаменті» РММ баға статистикасы басқармасының жетекші маманының м.а.
2011-2012 жылдары - «Ақтөбе облысының статистика департаменті» РММ Ішкі әкімшілік басқару бөлімінің жетекші маманы.
2012-2015 жылдары -«Ақтөбе облысының құрылыс басқармасы» ММ Мемлекеттік сатып алу және құқықтық қатынастар бөлімінің бас маманы.
2015 жылдан 2016 жылға дейін - «Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы ММ Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бөлімінің басшысы.
2016 жылдан 2018 жылға дейін - «Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы» ММ Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу және мониторингі бөлімінің басшысы.
2018-2019 жылдары - «Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы» ММ Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бөлімінің басшысы.
2019 жылдан 2021 жылға дейін - Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы» ММ жұмыстардың мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу бөлімінің басшысы.
2021-2022 жылдары - Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы» ММ басшысының орынбасары.
2022 жылғы 8 сәуірден бастап - Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы» ММ басшысы.
