Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

    Жалпы ақпарат

    Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, жаңартылатын табиғи ресурстарды тиімді, орнықты пайдалану, ормандылықты арттыру және флора мен фауна түрлерінің биологиялық әртүрлілігін сақтау, халықтың қолайлы, қауіпсіз және жайлы өмір сүруі үшін негіз ретінде қоршаған ортаның сапасын жақсарту

    ОтырысЖақында

    Қазақстанның Тәуелсіздік күні

    16 желтоқсанда Қазақстан Республикасында мемлекеттік мереке - Тәуелсіздік күні атап өтіледі. Қазақстан Тәуелсіздік күні - Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі. Бұл күн Қазақстанда жыл сайын 16 желтоқсанда атап өтіледі. "Қазақстанның тәуелсіздік күнін" өткізу күні кездейсоқ таңдалмады. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі Республиканың тәуелсіздігі және Мемлекеттік Егемендігі туралы заң қабылдады. КСРО ыдырағаннан кейін Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы өзінің мемлекеттік егемендігін жариялаған посткеңестік кеңістіктегі одақтың соңғысы болды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі және Мемлекеттік Егемендігі туралы заң 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданды. Биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 34 жылдығын атап өтеді. "Тәуелсіздік еліміздің алдында жаңа көкжиектер ашты. Тәуелсіздік жарияланғаннан кейін Қазақстанды дипломатиялық тану, оны халықаралық құқықтың толыққанды субъектісіне айналдыру процесі басталды", - Республика Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Қазақстанның Тәуелсіздік күнінде көптеген елді мекендерде патриоттық іс-шаралар мен көше мерекелері өтеді. Ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады.

    16 желтоқсан 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Қазақстан Республикасында мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысына кім қол қояды?

    Жауап

    Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысына қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының, сондай-ақ оның аумақтық бөлімшелерінің немесе жергілікті атқарушы органдарының басшылары заңнамаға сәйкес айқындалған өз құзыреті шегінде қол қояды.

    ·
    Сұрақ

    Құжаттама экологиялық заңнаманың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда не болады?

    Жауап

    Егер мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылған құжаттама Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес келмесе, мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы шығарылады, бұл оң қорытынды алынғанға дейін осы құжаттаманы іске асыруға тыйым салады.

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы нені қамтиды?

    Жауап

    Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы құжаттаманың Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкестігі және осы құжаттаманы іске асыру туралы шешім қабылдауға жол берілуі туралы қорытындыларды қамтиды.

    ·
    Ереже

    Басқарма туралы ереже

    Абай облысы әкiмдігiнiң 2025 жылғы «30» сәуірдегі № 65 қаулысына қосымша «Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже 1. Жалпы ережелер «Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) табиғи ресурстарды қорғау және табиғат пайдалануды реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Басқарма, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы. Басқарма өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі. Заңды тұлға орналасқан жері: индексі 071400, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы, Достоевский көшесі, 110. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Абай облысының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады. Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері Мақсаттары: 1) орман және аңшылық ресурстарын, су объектілерін мемлекеттік реттеу және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету; 2) орман, су және аңшылық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу; 3) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өсімдіктер, жануарлар дүниесінің, типтік, бірегей және сирек кездесетін ландшафттарының биологиялық алуан түрлілігін сақтау. 4) басқармамен әдеби тіл, заң терминологиясы және заң техникасы нормаларын, қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердің түпнұсқалығын сақтай отырып, нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын уақтылы және сапалы әзірлеуді қамтамасыз ету. Өкілеттіктері: 1) құқықтары: мемлекеттік органдар мен ұйымдардан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген көлемде өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды, ақпарат пен материалдарды сұрату және алу; басымдықтарды, тұжырымдамаларды, нормативтік материалдарды, нысаналы бағдарламаларды, талдамалық шолулар мен болжамдарды әзірлеуге қатысу үшін қажет болған жағдайларда ғылыми қызметкерлер мен мамандарды тарту; облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша облыстық коммуналдық мүлік құрамындағы акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқықтарын жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру; 2) міндеттері: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес функцияларды жүзеге асыру. Функциялары: 1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастырады және жүргізеді; 3) өз құзыреті шегінде 2-санаттағы объектілер үшін әсер етуге экологиялық рұқсаттар береді; 4) қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияларды қабылдайды және қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялар бойынша жиынтық деректерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жібереді; 5) экологиялық рұқсаттар мен қоршаған ортаға әсер ету туралы декларациялардың тізілімін жүргізеді; 6) қоғамдық тыңдауларды ұйымдастырады және өткізеді; 7) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын үш жылдық перспективаға әзірлейді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келіседі; 8) жыл сайын есепті кезең аяқталғаннан кейін 1 ақпаннан кешіктірмей облыстың тиісті жергілікті өкілді органына және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есепті ұсынады; 9) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен әрбір бес жылдық кезеңге арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлейді және келіседі; 10) он мыңнан астам халқы бар елді мекендерде атмосфералық ауаның ластануының жиынтық есептеулерін жүргізуді және олардың негізінде елді мекеннің шекті жол берілетін шығарындыларының жиынтық томын жасауды қамтамасыз етеді; 11) қоршаған орта сапасының бекітілген нысаналы көрсеткіштерін ескере отырып, жергілікті деңгейде мемлекеттік экологиялық саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді; 12) жыл сайын 1 мамырға дейін ресми интернет-ресурста өткен жылғы ақпаратты орналастыруды қамтамасыз етеді: қоршаған орта сапасының бекітілген нысаналы көрсеткіштері және барлық тиісті индикаторлардың нақты нәтижелері туралы; Жергілікті деңгейде мемлекеттік экологиялық саясатты іске асыру барысы туралы; қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялар бойынша жиынтық деректер. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес салынатын және қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектінің орналасқан жері бойынша есепке жатқызылуға жататын жер қойнауын пайдаланушылардан қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін бұзғаны үшін айыппұлдардың жалпы сомасы туралы ақпарат; зиянды өтеу туралы талап-арыздар бойынша жер қойнауын пайдаланушылар мен мұнай секторы ұйымдарынан алынған қаражаттың жалпы сомасы туралы ақпарат; 13) тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей: қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру барысы және осындай іс-шараларға жергілікті бюджеттің шығыстары туралы; жергілікті бюджетке түскен қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемнің жалпы сомасы туралы; 14) облыс аумағында коммуналдық қалдықтар бойынша жұмысты үйлестіреді; 15) мемлекеттік орман саясатын қалыптастыру және оны іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге қатысады; 16) ормандарды үнемдеу, ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын орындау туралы мәселелерді өртке қарсы насихаттауды, бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі жариялауды ұйымдастырады; 17) жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу, орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жөніндегі авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдік іс-шараларды жүргізу кезінде, сондай-ақ орманда өрт қаупі жоғары кезеңдерде орман пайдалану құқығын шектеу жөнінде ұсыныстар енгізеді; 18) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 19) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады; 20) жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекіту және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аңшылық шаруашылығының мұқтаждары үшін сервитуттар белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізеді; 21) бекітілмеген аңшылық алқаптарда және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде ауру, олардың қырылу қаупі болған жағдайда жануарларға көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады; 22) аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшін жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекіту жөнінде конкурстар өткізеді; 23) аңшылық алқаптардың резервтік қорында жануарлар дүниесін қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; 24) резервтік қорда балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; 25) екі және одан да көп облыстардың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында, сондай-ақ жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінде ғылыми-зерттеушілік аулауды қоспағанда, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат береді; 26) облыс аумағында жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді; 27) құзыреті шегінде аквашаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 28) аквашаруашылық субъектілерін және аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін субъектілерді субсидиялауды жүзеге асырады; 29) тармақша алынып тасталынсын; 30) уәкілетті органға Республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен экологиялық желілер жүйесін дамыту, республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнінде ұсыныстар енгізеді; 31) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады; 32) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізуге қатысады; 33) барлық түрдегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру үшін жерлерді резервке қою жөнінде ұсыныстар енгізеді; 34) осы аумақтардың экологиялық жүйелерінің, экологиялық дәліздердің жай-күйіне, сондай-ақ оларды қорғау мен пайдалану режиміне теріс әсер ететін қызмет аймақтарының шегінде шектей отырып, барлық түрдегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қорғау аймақтарын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізеді; 35) жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің шекаралары мен аумақтарын қорғау режимінің түрін бекіту жөнінде ұсыныстар енгізеді; 36) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 2-тармағының үшінші бөлігінде белгіленген жағдайда уәкілетті орган ведомствосының ұсынысы бойынша қордағы жерлерді жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріне қайта ауыстыру жөнінде ұсыныстар енгізеді; 37) өсімдіктер дүниесін қорғау, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы іс-шаралар жоспарларын әзірлейді және іске асырады; 38) өсімдіктер дүниесін қорғау, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы қызметті ұйымдастырады; 39) елді мекендердің жасыл желектерін құру, күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын әзірлейді; 40) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жабайы өсімдіктерді пайдалану құқығын шектеуді (тоқтата тұруды) белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізеді; 41) Жеке және заңды тұлғалардың өсімдіктер дүниесін қорғау, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді; 42) заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық және жергілікті атқарушы органының заң қызметі туралы Үлгілік ережеге қоса берілетін алгоритмді сақтай отырып, мемлекеттік органның пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөнінде шаралар қабылдайды; 43) сот актілеріне апелляциялық, кассациялық шағымдану құқығын келісу туралы сұрау салуларды қарайды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органының заң қызметі туралы Үлгілік ережеге қоса берілетін алгоритмді сақтай отырып, тиісті лауазымды адамға позициялар енгізеді; 44) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері Басқарманы басқаруды Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Абай облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайтын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері: 1) заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін, Басқарма қарамағындағы мемлекеттік заңды тұлғалардың директорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 2) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін, Басқарма қарамағындағы мемлекеттік заңды тұлғалардың директорларын көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады; 3) Басқарманың бұйрықтарына қол қояды; 4) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, Басқарма қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді; 5) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың атынан өкілдік етеді, сот, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарда Басқарманың мүдделерін білдіруге сенімхаттар береді; 6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады; 7) ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді; 8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды. Мемлекеттік органның мүлкі Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады. Басқармаға бекітілген мүлік Абай облысының коммуналдық меншігіне жатады. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. Мемлекеттік органды қайта құру және тарату Басқарманы қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі: 1) Абай облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Орман және аңшылық шаруашылығына жедел ден қою жасағы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 2) Абай облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Жасыл ел Абай» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

    Жарияланды:
    Есеп

    "Абай облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

    Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің м. а. Бұйрығы2021 жылғы 9 тамыздағы № 317. Республика Әділет министрлігінде тіркелгенҚазақстан 2021 жылғы 9 тамызда № 23918.Республика Экологиялық кодексінің 89-бабының 1-тармағына сәйкес2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан, БҰЙЫРАМЫН:1. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидалары бекітілсіносы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес.2. Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тануОсы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы.3. Экология министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне,Қазақстан Республикасының геологиясы мен табиғи ресурстарынзаңнамамен қамтамасыз ету:1) Осы бұйрықтың Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуіҚазақстан Республикасының;2) осы бұйрықты Экология министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру,Қазақстан Республикасының геологиясы мен табиғи ресурстарынЖарияланымдар;3) осы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішіндеҚазақстан Республикасы Әділет министрлігіндегі бұйрықты Департаментке ұсынуэкология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметіКөзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтеросы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен белгіленеді.4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік етушіге жүктелсінҚазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі.5. Осы бұйрық күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледіалғашқы ресми жарияланған күнінен кейін.Экология, геология жәнеТабиғи ресурстарҚазақстан РеспубликасыныңА. Пірімқұлов"Келісілді"Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіҚазақстан Республикасының"Келісілді"Ұлттық министрлікҚазақстан Республикасының экономикасыБұйрыққа 1-қосымшаЭкология министрінің м. а.,Геология және табиғи ресурстарҚазақстан Республикасының2021 жылғы 9 тамыздағы № 317 01.01.2023 жылдан 29.12.2023 жылға дейінгі жағдай бойынша деректер Абай облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 617 Мемлекеттік қызмет: Қызмет түрі Берілген Бас тартылды Жұмыста 2022 ж 2023 ж 2022 ж 2023 ж 2022 ж 2023 ж II санаттағы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсат беру 7 57 0 10 0 4 III санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы 8 83 23 153 0 3 Ашық жиналыстар арқылы қоғамдық тыңдаулар 12 150 (өткізілді) 1 7 0 19 Қоғамдық талқылаулар арқылы қоғамдық тыңдаулар 23 110 (өткізілді) 0 0 0 5 Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру: 26 312 2 2 0 0 Балық 26 243 0 0 0 0 Аңшылық 0 69 2 2 0 0 Ескерту: Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 87 - бабына сәйкес СЭС қорытындылары бойынша 2023 жылғы 97 бас тарту (IV санаттағы объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасы міндетті мемлекеттік экологиялық сараптамаға жатпайды), 66-өзге себептер бойынша;II және III санаттағы пысықтауға арналған жобалар бойынша 63 дәлелді ескертулер;Жануарлар дүниесі бойынша 2023 жылғы 2 бас тарту-бұл мемлекеттік қызметті аумақтық инспекция көрсетеді.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Су ресурстары

    Жарияланды: