Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалану, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау және қалдықтармен жұмыс істеу салаларына қатысты мәселелер бойынша халықпен тұрақты өзара іс-қимыл жүргізеді.
Халықпен жұмыс аясында азаматтарды жеке қабылдау, тұрғындармен кездесулер, Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша консультациялар беру және түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Азаматтар мен ұйымдардан келіп түскен өтініштер заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады.