Ағымдағы жылдың басынан бері Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы азаматтар мен ұйымдардан 261 өтініш келіп түсті.
Негізгі мәселелер бойынша өтініштер төмендегідей бөлінді:
- су қорғау қызметі мәселелері бойынша – 116 өтініш;
- жануарлар дүниесін қорғау, балық және орман шаруашылығы мәселелері бойынша – 34 өтініш;
- II санаттағы объектілер бойынша экологиялық сараптама алу мәселелері бойынша – 33 өтініш;
- қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмыс істеу мәселелері бойынша – 16 өтініш;
- басқа мәселелер бойынша – 24 өтініш;
- қарау үшін басқа мемлекеттік органдарға жолданған – 38 өтініш.
Келіп түскен барлық өтініштер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, Басқарманың құзыреті шегінде қаралады.