Табиғатты қорғау бағдарламаларын іске асыру және әкімшілік жұмыс бөлімі туралы ереже

    Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

    «БЕКІТЕМІН»

    Абай облысының табиғи ресурстар

    және табиғат пайдалануды реттеу

    басқармасының басшысы

    ______________ Теміржанов М. К.

    «____» ____________ ж. № ____

    Табиғат қорғау бағдарламаларын іске асыру және әкімшілік жұмыс

    бөлімі туралы

    ЕРЕЖЕ

    1. Жалпы ережелер
    1. Табиғат қорғау бағдарламаларын іске асыру және әкімшілік жұмыс бөлімі (бұдан әрі - бөлім) Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының (бұдан әрі-Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
    2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
    3. Бөлімнің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.
    1. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары,

    құқықтары мен міндеттері

    Негізгі міндеттері:

    1. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
    2. Табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру.
    3. Табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру. бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және табиғат қорғау бағдарламаларын іске асыруға бағытталған қаржы қаражатының қозғалысына мониторинг жүргізу;

    Функциялар:

    1) облыс аумағында коммуналдық қалдықтар бойынша жұмысты үйлестіреді;

    2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен иесіз қалдықтарды басқару қағидаларына сәйкес сот шешімімен мемлекеттік меншікке түсті деп танылған иесіз қалдықтарды басқаруды жүзеге асырады;

    3) облыс аумағында иесіз қалдықтардың анықталуын қамтамасыз етеді және осындай қалдықтардың бар екендігі туралы хабарлама алған сәттен бастап алты ай ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды хабардар етуге және мұндай қалдықтарды республикалық немесе коммуналдық меншікке түсті деп тану туралы талаппен сотқа жүгінуге міндетті;

    4) табиғат қорғау бағдарламаларын үйлестіру және іске асыру;

    5) қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану жөніндегі іс-шараларды және оларды тиісті аумақтарда іске асыруды көздейтін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар мен өзге де құжаттарды әзірлеуді ұйымдастыру;

    6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы құжаттарды әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қарауына бастамашыл табиғат қорғау жобаларын беру;

    7) табиғат қорғау жобаларын жоспарлау, мониторингілеу және іске асыру мәселелеріне қатысу;

    8) атмосфералық ауаның, су және жер ресурстарының сапасын тұрақтандыруға және қорғауға бағытталған іс-шараларды жоспарлауды жүзеге асыру;

    9) құзыреті шегінде аумақтарды дамытудың стратегиялық жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және келісу;

    10) қалалар мен аудандар әкімдіктерінің қалдықтарды басқару және олардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу жұмысын үйлестіреді;

    11) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;

    12) қалдықтардың түзілу көлемін бақылауды жүзеге асырады және қалдықтардың түзілу көлемін азайтуға, оларды қайта немесе баламалы пайдалану деңгейін арттыруға және көмуге жататын қалдықтар көлемін қысқартуға бағытталған іс-шаралар мен экономикалық ынталандыруларды әзірлейді;

    13) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды табиғат пайдалануға беру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

    14) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүзеге асыру;

    15) табиғат қорғау бағдарламаларын әкімшілендіруді жүзеге асыру;

    16) табиғат қорғау іс-шараларының іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру;

    Құқықтары мен міндеттері:

    1) коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

    2) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 366 - бабы 3-тармағының 1) – 3) тармақшаларына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларына қатысты конкурсты ұйымдастырушы болады, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша конкурстық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді;

    3) қоршаған ортаны сауықтыруға бағытталған табиғат қорғау іс-шараларын іске асыру.

    4) бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде басқарманың табиғат қорғау іс-шараларын қаржыландыруға бағытталған қаражаттың жұмсалуына мониторинг жүргізу;

    5) бюджеттік бағдарламалар бойынша іс-шаралар жоспарын қалыптастыру процесін ұйымдастыруды жүзеге асыру;

    6) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ұзақ мерзімді нысаналы бағдарламаларға ұсыныстар әзірлеу;

    1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
    1. Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
    2. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
    3. Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
    4. Бөлім басшысы бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі және олардың Басқарма басшылығының лауазымдық міндеттері мен тапсырмаларын орындауын бақылайды, бөлімнің жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады;
    5. Бөлім басшысы басқарма басшысына бөлімдегі кадр мәселелерін шешу, Бөлім қызметкерлерін көтермелеу және тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді;
    6. Басқарма басшысы берген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Халықпен жұмыс

    Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалану, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау және қалдықтармен жұмыс істеу салаларына қатысты мәселелер...

    Қағида

    Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларын бекіту туралы

    Ақпарат

    «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы келіп түскен өтініштер туралы ақпарат

    Ағымдағы жылдың басынан бері Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы азаматтар мен ұйымдардан 261 өтініш келіп түсті. Негізгі мәселелер бойынша өті...

    Есеп

    2025 жылға арналған бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есеп

    Жоспар

    Региональный план озеленения населенных пунктов области Абай на 2024 - 2026 годы

    Ереже

    «Жасыл ел Абай» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жарғысы

    Ереже

    Жануарлар дүниесін қорғау, балық және орман шаруашылығы бөлімі туралы ереже

    «БЕКІТЕМІН» Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы ______________ Теміржанов М. К. «____» _________ ж. № _______ Жануарлар әлемін қорғау, балық және орман шаруашылығы бөлі...

    Ереже

    Басқарма туралы ереже

    Абай облысы әкiмдігiнiң 2025 жылғы «30» сәуірдегі № 65 қаулысына қосымша «Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже 1. Жалпы ережелер «Абай облысыны...