Қоғамдық тыңдауларға өтінішті қарау қанша күнді алады?
10 күн қарастырылуда.
Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
Қоғамдық тыңдауларға өтінішті қарау қанша күнді алады?
10 күн қарастырылуда.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысына кім қол қояды?
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысына қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының, сондай-ақ оның аумақтық бөлімшелерінің немесе жергілікті атқарушы органдарының басшылары заңнамаға сәйкес айқындалған өз құзыреті шегінде қол қояды.
Құжаттама экологиялық заңнаманың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда не болады?
Егер мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылған құжаттама Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес келмесе, мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы шығарылады, бұл оң қорытынды алынғанға дейін осы құжаттаманы іске асыруға тыйым салады.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы нені қамтиды?
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы құжаттаманың Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкестігі және осы құжаттаманы іске асыру туралы шешім қабылдауға жол берілуі туралы қорытындыларды қамтиды.