
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы объектілердің операторлары болып табылатын кәсіпорындарға 2025 жыл қорытындысы бойынша Ластағыш заттардың шығарындылары мен тасымалдануының тіркелімі (ЛШКТ) шеңберінде есептілікті ұсыну қажеттігін еске салады.
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 22-бабы 8-тармағына сәйкес объектілердің операторлары жыл сайын өткен күнтізбелік жыл үшін есептілікті 1 сәуірден кешіктірмей ұсынуға міндетті.
2025 жылға арналған ЛШКТ бойынша есептілікті ұсынбаған немесе есептілікті толық көлемде ұсынбаған кәсіпорындар қысқа мерзім ішінде толық әрі дұрыс ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етуі қажет.
Есептілікті белгіленген мерзімде ұсынбау, сондай-ақ толық емес ақпарат ұсыну заңнамада көзделген ден қою шараларының қабылдануына, оның ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 327-1-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартуға әкеп соғуы мүмкін екеніне назар аударамыз.
Толық әрі дұрыс есептіліктің уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етуді сұраймыз.



