
Тастенбеков Алмас Танибекович
Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары
Тастенбеков Алмас Танибекович 1989 жылғы 15 шілдеде бұрынғы Семей облысы Бесқарағай ауданы Беген ауылында дүниеге келген, төрт жоғары білімі бар. 2010 жылы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2011 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Пайдалы қазбалар кен орындарын геологиялау және барлау» мамандығы бойынша, 2018 жылы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін (магистратура) «Экономика» мамандығы бойынша, 2021 жылы Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университетті «Тарих» мамандығы бойынша тәмәмдаған.



























