
Омиртаев Ардак Амангалиевич
Абай облысы Бесқарағай аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1964 жылы 10 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Абьай ауданы Архат ауылында дүниеге келген . Ұлты – қазақ. Жоғары білімі бар. 2007 жылы Шәкәрім атындағы Семей қаласының ұлттық университетін оқып бітірді.
Еңбек жолын 1986 жылы З.Белібаев атындандағы совхозда бас инженер болып бастады. 1989 - 1998 жылдары аралығында – «Қабанбай» шаруа қожалығының жетекшісі 1998-2002 жылдары – ШҚО Абай ауданы Архат ауылдық округінің салық агенті. 2002 жылдан 2013 жылға дейін – ШҚО Абай ауданы Архат ауылдық округінің әкімі. 2013 тамыз айынан қазан айына дейін ШҚО Абай ауданы Архат ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы. 2013-2017 жылдары – ШҚО Абай ауданы Архат ауылдық округінің әкімі. 2017 жылғы тамыз айынан бастап қазан айына дейін – ШҚО Абай ауданы Архат ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы. 2017-2021 жылдары – ШҚО Абай ауданы Архат ауылдық округінің әкімі. 2022 жылғы ақпан айынан бастап наурыз айына дейін – ШҚО Бесқарағай аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі бас маманының міндетін атқарушы. 2022 жылғы наурыз айынан бастап қараша айына дейін – Абай облысы Бесқарағай аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы. 2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап – Абай облысы Бесқарағай аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.




