
Миятова Алия Бекмухамбетова
Персоналды басқару және кадрлық қызметі бөлімі бөлімнің басшысы
Өмірбаян
1975 жылы 11 қазанда ШҚО Бесқарағай ауданының Ү- Владимировка ауылында дүниеге келді.Ұлты - қазақ. Білімі – жоғары. 1992 жылы Ү- Владимировка орта мектебін бітірді. 1993 жылы ПТУ -24 индустриялық кәсіпорындардың бухгалтері курсын бітірді.
1993 жылғы 30 тамызда Бесқарағай аудандық ветеринарлық стансасының есепшісі жұмысына қабылданды. 1997 жылғы 4 тамыздан 1998 жылдың 30 сәуіріне дейін Бесқарағай аудандық жұмыспен қамту орталығында есепте тұрды. 2004 жылғы 13 қыркүйекте Халық Банк филиалының жоғары санаттағы кассир бақылаушысы лауазымындағы қызметкердің еңбек демалысы кезінде еңбек келісіміне байланысты жұмысқа қабылданды. 2006 жылғы 1 ақпанда «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жетекші маман қызметін атқарды. 2006 жылғы 16 мамырдан құрылыс бөлімінің жетекші маманы, 2008 жылдан Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының жетекші маманы, 2012 жылғы 1 қарашадан Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының бас маманы, 2013 жылғы 23 қазаннан бастап персоналды басқару және кадрлық қызметі бөлімінің басшысы. Тұрмыста, 2 бала тәрбиелеуде.


