
Увайпова Лаура Мусатаевна
Абай облысы Бесқарағай ауданы Қарабас ауылдық округінің әкімі.
Өмірбаян
1977 жылы 8 наурызда , Семей облысы, Үрджар ауданы, Сегізбай ауылында дүниеге келді. Ұлты – қазақ. 2002 жылы М.Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжін «қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Бесқарағай ауданы Семеновка ауылдық округінің мәдени ұйымдастырушысы болып бастады, 2012 жылдан бастап 2018 жылға дейін - Қарабас ауылдық округінің инспекторы, 2018 жылдан бастап 2021 жылға дейін – Қарабас ауылдық округінің жетекші маманы, 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап 2023 жылға дейін – Қарабас ауылдық округінің бас маманы қызметтерін атқарды. 2023 жылғы 25 қыркүйектен бастап – Абай облысы Бесқарағай ауданы Қарабас ауылдық округінің әкімі.





