Султанов Ернур Султанович

    Бесқарағай ауданы әкімінің аппарат басшысы

    Султанов Ернур Султанович
    Аппарат басшысы

    Султанов Ернур Султанович

    Бесқарағай ауданы әкімінің аппарат басшысы

    Өмірбаян

    Султанов Ернур Султанович 1986 жылғы 17 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында туған, жоғары білімі бар. 2008 жылы М. Әуезов атындағы Семей мемлекеттік университетін «Информатика» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2009 жылы Семей қаласындағы Өскемен қаласы бойынша № 3 ХҚКО бөлімінің инспекторы болып бастаған, 2012 жылдан 2016 жылға дейін — ШҚО бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» филиалының № 2 Семей бөлімінің инспекторы, 2016 жылдан 2017 жылға дейін — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті Семей қаласының № 2 бөлімінің жетекші маманы, 2017 жылдың сәуірінен желтоқсанына дейін — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті Семей қаласының № 3 бөлімі басшысының орынбасары, 2017 жылдан 2021 жылға дейін — ШҚО бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» филиалы Семей қаласының № 3 бөлімінің басшысы, 2021 жылдың маусым-шілде айларында — «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ Жастар бөлімінің маманы болды. 2022 жылдың қаңтарынан наурызына дейін — «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімі аппараты» ММ Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімі басшысының міндетін атқарушы, ал 2022 жылдың наурызынан қазанына дейін осы бөлімнің басшысы болып жұмыс істеді. 2022 жылдың қазан айынан 2026 жылдың шілдесіне дейін — «Абай облысы Семей қаласының әкімі аппараты» ММ Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы. 2026 жылғы 7 шілдеден бастап — Абай облысы Бесқарағай ауданының аппарат басшысы. Жалпы еңбек өтілі — 17 жыл 4 ай, мемлекеттік қызмет өтілі 4 жыл 5 айды құрайды. Үйленген, 4 бала тәрбиелеп отыр.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері