Маңғыстау облысы: аудан тұрғындарына жауаптар

    Қызметтер мен өтініштерге қатысты жергілікті органдардың түсіндірмелерін іздеңіз. Маңғыстау тұрғындары кездесетін жағдайлар туралы біліңіз.

    Сұрақ

    Жайылымды суаруға арналған ұңғымаларды бұрғылауға субсидиялар қарастырылған ба? Егер солай болса, бұл көмекті алу үшін қандай құжаттар қажет?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің инвестициялық салымдарға жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеуді субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» № 317 бұйрығына және № 4 жоба паспорты...

    Сұрақ

    Тұрғын үйді жекешелендіру дегеніміз не?

    Жауап

    Тұрғын үйді жекешелендіру— бұл азаматтардың мемлекеттік немесе коммуналдық меншіктегі тұрғын үйді жеке меншікке тегін немесе белгілі бір шарттармен ақы төлеу арқылы рәсімдеуі. Бұл процесс Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына және «Жекешелендіру туралы»...

    Сұрақ

    Жер учаскесін қалай бөлуге болады?

    Жауап

    Егер сіздің атыңызда бір үлкен жер учаскесі болса (мысалы, 10 сотық), және сіз оны бірнеше бөлікке (мысалы, 5+5 сотық) бөліп алғыңыз келсе, келесі қадамдарды орындау қажет: Техникалық мүмкіндігін анықтау - Жердің нысаналы мақсаты (тұрғын үй, шаруашылық, т.б.) бөлуге рұқсат береді...

    Сұрақ

    Тұрғын үй құрылыс үшін жер учаскесін қалай алады?

    Жауап

    Тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу тәртібі Қазақстанда заңмен реттеледі. Жалпы алғанда, жеке тұрғын үй салу үшін жер телімін алу мынадай жолмен жүзеге асырылады: Өтініш беру Азамат өзі тұратын елді мекеннің жергілікті атқарушы органына өтініш береді. Өтініште: - Жеке тұрғы...

    Сұрақ

    Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру деген не және оны кім жүргізеді?

    Жауап

    Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру – дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәліметтерді енгізе отырып және ветеринариялық паспорт бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмір беруді қамтитын...

    Сұрақ

    Қаңғыбас иттерге қатысты қандай шаралар алынады?

    Жауап

    Қаңғыбас иттерді жаппай аулап жоюға тиым салынған. «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР Заңына сәйкес, қаңғыбас иттердің санын реттеу «аулау - уақытша ұстау –вакцинациялау – стерилизациялау – тіршілік ету ортасына қайтару» принципі бойынша жүргізіледі. Қаңғыбас иттер ад...

    Сұрақ

    Маңғыстау облысындағы қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстауға арналған мемлекеттік панажайлар бар ма?

    Жауап

    Маңғыстау облысында қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстауға арналған мемлекеттік панажайлар жоқ. Қазіргі күні Ақтау қаласының әкімдігімен қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстауға арналған панажай құрылысының жобалық-сметалық құжаттары жасақталуда.

    Сұрақ

    Жаңадан құрылыс жұмыстары жүргізілетін жер учаскелерінде сібір жарасы қорымдарының бар немесе жоқтығы туралы анықтаманы қалай алуға болады?

    Жауап

    Маңғыстау облысының ветеринария басқармасына жазбаша өтініш беру арқылы, аталған жер учаскесінде сібір жарасы қорымдары туралы мәліметтердің бар немесе жоқтығы туралы ресми ақпарат алуға болады. Өтініште жер учаскесінің орналасқан мекен жайы, географиялық координаталары, жауап жо...

    Сұрақ

    Қоғамдық тыңдаулар хаттамасының мерзімі қандай?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 96-бабының 1-тармағына сәйкес, Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыру басталғанға дейін немесе жүзеге асыру процесінде қоғамдық тыңдауларды өткізу міндетті болып табылады. Қоғамдық тыңдаулар мемлекеттік экологиялық сарапт...

    Сұрақ

    Әсер етуге экологиялық рұқсаттардың мерзімі қандай?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 120-бабының 5-тармағына сәйкес, Әсер етуге арналған экологиялық рұқсаттар қолданыстағы экологиялық рұқсатта көрсетілген экологиялық шарттардың өзгертілуін талап ететін қолданылатын технологиялар өзгергенге дейінгі, бірақ он жылдан...