Жайылымды суаруға арналған ұңғымаларды бұрғылауға субсидиялар қарастырылған ба? Егер солай болса, бұл көмекті алу үшін қандай құжаттар қажет?

    Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы

    Сұрақ

    Жайылымды суаруға арналған ұңғымаларды бұрғылауға субсидиялар қарастырылған ба? Егер солай болса, бұл көмекті алу үшін қандай құжаттар қажет?

    Жауап
    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің инвестициялық салымдарға жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеуді субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» № 317 бұйрығына және № 4 жоба паспортына («Жайылымдарды суландыру және мал шаруашылығы фермаларын сумен қамтамасыз ету инфрақұрылымын құру (құдықтар, ұңғымалар)») сәйкес, өтінімдер тиісті жылдың 1 сәуірінен бастап 1 қазанына дейін (қоса алғанда) инвестициялық жобаны іске асыру орны бойынша қабылданады.
    
    Өтінімдер келіп түсу ретіне қарай, яғни бірінші болып түскен өтінім бірінші болып қарастырылу қағидаты бойынша қаралады.

    Ұқсас материалдар