Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

    Жалпы ақпарат

    Басқарманың жұмысы Маңғыстау облысының негізгі экологиялық даму бағыттарын жүзеге асыруға және қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік басқару функцияларын орындауға бағытталған.

    Басқарма сайтынан облыстың экологиялық даму көрсетікіштері туралы және табиғат қорғау жобаларын жүзеге асыру жөнінде толық ақпарат ала аласыздар.

    Біздің сайтта жарияланған ақпараттар үнемі жаңартылып отырады және барлық табиғат пайдаланушыларға қажетті ақпараттармен қамтамасыз етілуіне ықпал етеді.

    Біз табиғат пайдаланушылармен тығыз байланыста болатындығымызға сенеміз.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Қоғамдық тыңдаулар хаттамасының мерзімі қандай?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 96-бабының 1-тармағына сәйкес, Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыру басталғанға дейін немесе жүзеге асыру процесінде қоғамдық тыңдауларды өткізу міндетті болып табылады. Қоғамдық тыңдаулар мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу процесі басталғанға дейін аяқталған жағдайда, мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізуге арналған өтініш немесе экологиялық рұқсат беруге арналған өтініш қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қоғамдық тыңдаулардың хаттамасына қол қойылған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей жіберілуге тиіс.

    Сұрақ

    Әсер етуге экологиялық рұқсаттардың мерзімі қандай?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 120-бабының 5-тармағына сәйкес, Әсер етуге арналған экологиялық рұқсаттар қолданыстағы экологиялық рұқсатта көрсетілген экологиялық шарттардың өзгертілуін талап ететін қолданылатын технологиялар өзгергенге дейінгі, бірақ он жылдан аспайтын мерзімге беріледі.

    Сұрақ

    Декларацияны тапсыру мерзімдері қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 110-бабына сәйкес, ІІІ санаттағы объектілерде қызметті жүзеге асыратын тұлғалар (бұдан әрі – декларант) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органына қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны ұсынады. Қоршаған ортаға әсер ету туралы декларация жазбаша нысанда немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжат нысанында Электрондық үкімет» веб-порталының www.egov.kz ( https://elicense.kz/ ) ақпараттық жүйесі арқылы ұсынылады.

    Сұрақ

    Бұрын қолданысқа берілген объектілердің санатын қалай анықтауға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 418-бабының 3-тармағына сәйкес, 2021 жылғы 1 шілдеге дейін пайдалануға берілген объектілердің немесе 2021 жылғы 1 шілдеге дейін өздеріне қатысты мемлекеттік экологиялық сараптаманың немесе кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындылары берілген, 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес арнайы табиғат пайдалану субъектілері болып танылған, пайдалануға берілмеген объектілердің операторлары тиісті объектілерді осы Кодекстің ережелеріне сәйкес І, ІІ, III және IV санаттарға жатқызу мақсатында 2021 жылғы 1 тамыздан кешіктірмей қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өтініш беруге міндетті. Объектілерді тиісті санаттарға жатқызу «Бірыңғай экологиялық портал» арқылы жүзеге асырылады.

    Хабарландыру

    «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның «Қарамандыбас кен орнында жобалау тереңдігі 2100 метр пайдалану өндіру ұңғымаларын салуға арналған топтық техникалық жоба» жобасының ҚОҚ бөлімі бойынша белгіленіп отырған қызметтері туралы өтініші.

    «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның«Қарамандыбаскенорнындажобалаутереңдігі2100метрпайдалануөндіруұңғымаларынсалуғаарналғантоптықтехникалықжоба» жобасының ҚОҚ бөлімібойынша белгіленіп отырған қызметтері туралы өтініші. Өтінішпенhttp://ecoportal.kzжәнеwww.gov.kz/memleket/entities/mangystau-ecoсайттарында танысуға болады. Өтінішке өз ескертулері мен ұсыныстарын Маңғыстау облысы бойынша экология департаментіне[email protected]электрондық поштасы арқылы 2026 жылдың 4 желтоқсанға дейін ұсыну қажет. Байланыс деректері: 8 (7292) 525578.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «ҚазТрансОйл» АҚ тарапынан ашық жиналыс нысанында өткізілген қоғамдық тыңдаулардың хаттамасы

    «Сай-Өтес» МҚС. «Өзен-Атырау-Самара» ММҚ 145км-де ТДҚ қабылдау-іске қосу камераларын салу» жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулардың хаттамасы порталда 13.11.2026 ж. орналастырылған. Бейнежазба сілтемесі: https://www.youtube.com/watch?v=m7ij-G9BCd0

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    КЕРЕЛБАЕВ ГАБИТ АСКАРБЕКОВИЧ» ЖК - ның "ҚР Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы Ащықұдық кен орнында құм, сазды жыныстар және МГС өндіруге арналған Карьер" жобасы бойынша белгіленіп отырған қызметтері туралы өтініші.

    КЕРЕЛБАЕВ ГАБИТ АСКАРБЕКОВИЧ» ЖК - ның"ҚРМаңғыстауоблысыТүпқарағанауданындағыАщықұдықкенорнындақұм,саздыжыныстаржәнеМГСөндіругеарналғанКарьер" жобасыбойынша белгіленіп отырған қызметтері туралы өтініші. Өтінішпенhttp://ecoportal.kzжәнеwww.gov.kz/memleket/entities/mangystau-ecoсайттарында танысуға болады. Өтінішке өз ескертулері мен ұсыныстарын Маңғыстау облысы бойынша экология департаментіне[email protected]электрондық поштасы арқылы 2026 жылдың 3 желтоқсанға дейін ұсыну қажет. Байланыс деректері: 8 (7292) 525578.

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    «Эмбамунайгаз» АҚ бойынша қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу туралы өтініші.

    «Эмбамунайгаз»АҚбойынша қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу туралы өтініші. Өтінішпенhttp://ecoportal.kzжәнеwww.gov.kz/memleket/entities/mangystau-ecoсайттарында танысуға болады. Өтінішке өз ескертулері мен ұсыныстарын Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне[email protected]электрондық поштасы арқылы 2026 жылдың 17 қарашаға дейін ұсыну қажет. Байланыс деректері:8(7172) 74-01-05

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    «KazAzot PRIME» ЖШС бойынша қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу туралы өтініші.

    «KazAzot PRIME» ЖШСбойынша қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу туралы өтініші. Өтінішпенhttp://ecoportal.kzжәнеwww.gov.kz/memleket/entities/mangystau-ecoсайттарында танысуға болады. Өтінішке өз ескертулері мен ұсыныстарын Маңғыстау облысы бойынша экология департаментіне[email protected]электрондық поштасы арқылы 2026 жылдың 20 қарашаға дейін ұсыну қажет. Байланыс деректері: 8 (7292) 525578

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Varro Operating Group» ЖШС қатысты қоғамдық тыңдаулар өткізілген жоқ

    Бастамашының хатына сәйкес, 2026 жылғы 12 қарашаға белгіленген «Varro Operating Group» ЖШС-не қатысты қоғамдық тыңдаулар өткізілген жоқ.

    Жарияланды: