Декларацияны тапсыру мерзімдері қалай жүзеге асырылады?
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 110-бабына сәйкес, ІІІ санаттағы объектілерде қызметті жүзеге асыратын тұлғалар (бұдан әрі – декларант) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органына қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны ұсынады.
Қоршаған ортаға әсер ету туралы декларация жазбаша нысанда немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжат нысанында Электрондық үкімет» веб-порталының www.egov.kz ( https://elicense.kz/) ақпараттық жүйесі арқылы ұсынылады.