Ақтөбе облысы: өтініштерге көмек

    Өз жағдайыңызды Ақтөбе мен аудан тұрғындарының сұрақтарымен салыстырыңыз. Мемлекеттік органдардың жауаптарынан түсіндірме мен әрекет тәртібін іздеңіз.

    Сұрақ

    Жеке тұрғын үй шаруашылығына (жеке қосалқы шаруашылыққа) жер учаскесін қалай алуға болады, оны алу (ресімдеу) рәсімі қандай?

    Жауап

    Жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін жер телімін алу үшін: 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы өтініш беру қажет; 2) « Немесе электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы.

    Сұрақ

    Жеке тұрғын үй құрылысына (ЖТҚ) жер учаскесін қалай алуға болады?

    Жауап

    Ақтөбе қаласында азаматтар eGov.kz арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ), өтініш беріп, жеке тұрғын үй құрылысына (ЖТҚ) жер учаскесін ала алады

    Сұрақ

    «Халық қатыстан бюджет» жобасына қатысу үшін қандай талаптар қойылады?

    Жауап

    «Халық қатысатын бюджет» жобасы 2020 жылдан бастап Ақтөбе, Алға, Қандыағаш, Хромтау, Шалқар қалалары және Ақтөбе қаласының аудандары (Астана және Алматы) деңгейінде іске асырылады.Әкімдіктер аппараты 15 қаңтарына дейінгі мерзімде ресми интернет-ресурсында және масс-медиада жобалы...

    Сұрақ

    Бюджеттің орындалуын ашық дереккөздерде қарау мүмкін бе?

    Жауап

    Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында, сондай-ақ egov.kz сайтында «Азаматтық бюджет» жеке қойындысы бар. Азаматтық бюджет – республикалық және жергілікті бюджеттердің негізгі ережелерін ашатын, бұқаралық ақпарат құралдарында жалпыға қолжетім...

    Сұрақ

    Облыс бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есептілік бекітіледі ма?

    Жауап

    ҚР Бюджет кодексіне сәйкес облыстың бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органы әкімдікке бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсынады. Әрі қарай әкімдік қоғамдық кеңестің отырысында облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылауды жүргізеді. Сонымен қатар, мәслих...

    Сұрақ

    Аудандық мәдениет үйлерінде, клубтарда белгілі бір әртістің концертін ұйымдастыру үшін не істеу қажет?

    Жауап

    Продюсері немесе өкілі концерт өткізуге рұқсат алу мақсатында облыстық мәдениет басқармасына хат жолдауы тиіс. Хатта концерт бағдарламасы, репертуар, өткізу күні мен уақыты, сондай-ақ жоспарланған маршруттар нақты көрсетілуі қажет. Әншінің репертуары мен орындағалы отырған әндері...

    Сұрақ

    Архивтен анықтаманы қалай алуға болады?

    Жауап

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына не "электрондық...

    Сұрақ

    Ескерткіштерді орнату ұсыныстары

    Жауап

    Монументтік өнер құрылыстарын немесе ескерткіштерді орнату ұсыныстары - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі «Монументтік өнер құрылыстарын орнату қағидаларын бекіту туралы» №103 бұйрығы (әрі қарай - бұйрық) негізінде жүзеге асырылады. Ат...

    Сұрақ

    Музей ашу жөнінде

    Жауап

    Музей ашу жұмыстары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің «Мәдениет ұйымдары желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтерін және облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың, селолық деңгейлердегі мемлекеттік мәден...

    Сұрақ

    Кең таралған пайдалы қазбаларды (КТПҚ) өндіруге лицензия алғымыз келеді? Кімге жүгіну керек және қандай құжаттар қажет?

    Жауап

    КТПҚ өндіруге лицензия Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына (МЖҚҚББ) енгізілген кен орындары бойынша беріледі. Кен орнын МЖҚҚББ-на қосу үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне (ҚР ИИДМ) өтініш беріледі. МЖҚҚББ ҚР ИИДМ сайтында орналастырылған. Кен о...

    Сұрақ

    Алтын өндіру үшін кен іздеушілік жұмыстарына рұқсат алуға болатынын естідік. Оларға қалай рұқсат алуға болады?

    Жауап

    кен іздеушілік жұмыстары құм мен топырақты жуу жөніндегі жұмыстарды, сондай-ақ өзге де байланысты жұмыстарды қоса алғанда, қолмен немесе механикаландыру құралдарын және қуаты аз өзге де жабдықтарды қолдана отырып жүзеге асырылатын, шашыранды кен орындарында және техногендік сипат...