«Халық қатыстан бюджет» жобасына қатысу үшін қандай талаптар қойылады?

    Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

    Сұрақ

    «Халық қатыстан бюджет» жобасына қатысу үшін қандай талаптар қойылады?

    Жауап


    «Халық қатысатын бюджет» жобасы 2020 жылдан бастап Ақтөбе, Алға, Қандыағаш, Хромтау, Шалқар қалалары және Ақтөбе қаласының аудандары (Астана және Алматы) деңгейінде іске асырылады.
    Әкімдіктер аппараты 15 қаңтарына дейінгі мерзімде ресми интернет-ресурсында және масс-медиада жобалық ұсыныстарды қабылдау туралы ақпаратты орналастыруы қажет.
    Тиісті елді мекендердің тұрғындарынан а.ж. 20 қаңтарынан 1 наурызына дейін жобалық ұсыныстар жинақталады.
    Жобалық ұсыныстарды қабылдау мерзімінің аяқталу қорытындысы бойынша келіп түскен жобалық ұсыныстарды Сараптамалық кеңес а.ж. 5 сәуіріне дейінгі мерзімде:
    жобалардың қайталануының болмауына;
    Қазақстан Республикасының заңнамасында әкімдікте (әкім аппаратының) оларды іске асыру құзыреттілігінің болуы мәніне талдауды жүзеге асырады.
    Тиісті елді мекендердің кәмелетке толған тұрғындары а.ж. 24 сәуіріне дейінгі мерзімде ұсынылған жобалық ұсыныстар бойынша ресми интернет-ресурсында электрондық түрде дауыс беруді жүзеге асырады.
    Дауыс беру нәтижесі негізінде Сараптамалық кеңес ағымдағы қаржы жылының 30 сәуірінен кешіктірмей тиісті шешім шығарады.
    Ағымдағы қаржы жылына бекітілген бюджет шеңберінде тұрғындардың жобалық ұсыныстарын іске асыруға бағытталатын шығыстардың ең төмен көлемі 07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобы бойынша жоспарланатын қала бюджеті шығыстарының жылдық көлемінің 10%-дан төмен болмауы тиіс.
    Беру кезінде бір жобалық ұсынысты іске асырудың шекті құны:
    1) Аудан үшін ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 75 000 еселенген АЕК мөлшерінен;
    2) Қала үшін және (немесе) облыстық маңызы бар қаладағы аудандар үшін ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 15 000 еселенген АЕК мөлшерінен;
    3) Аудандық маңызы бар қала үшін ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 1 500 еселенген АЕК мөлшерінен аспауы тиіс.
    Жобалар келесі бағыттарға қатысты болады:
    1) аумақты көгалдандыру;
    2) тротуарларды жайластыру;
    3) тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;
    4) ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары, көшелер және өзге де объектілер);
    5) бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;
    6) қоқыс тастайтын жерлерді жою;
    7) ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу;
    8) аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру;
    9) санитарияны қамтамасыз ету.
    Осылайша, тұрғындар өзекті мәселелер бойынша шешімдерді ұсынып, сондай-ақ қоғамдағы басымдықтарды белгілей отырып, қала өміріне белсенді қатысады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Облыс ауылдарының инфрақұрылымдарының дамуы деңгейі қандай?

    Жауап

    Қазіргі уақытта ауыл халқының жалпы санының 94,6%-ы (222,9 мың адам) немесе 221 ауыл орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген.2024 жылы 44,8 млрд теңге көлемінде Темір – Алтыкарасу, Еңбекші; Мұғалжар – Жарық; Мәртөк – Первомайка; Жанажол ауылдарын газбен жабдықтау жұмыстары ая...

    Сұрақ

    «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасына қатысу үшін қандай құжаттар тапсыру қажет?

    Жауап

    2009 жылдан бері «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендердің ұйымдарында кемінде үш жыл жұмыс істеуге және тұруға міндеттеме қабылдаған денсаулық, білім, әлеуметтік қолдау, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласының және ауылдар, кенттер, ауылдық ок...