Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы

    Басқарма жайлы

    "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Ақтөбе облысының жер қатынастары секторын басқаратын және жер заңнамасына сәйкес атқарушы және бақылау функцияларын орындайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Біздің өңір аумағы жағынан республикадағы ең үлкен облыс болып табылады. Жалпы жер аумағы – 30,1 млн га. Негізгі бағыттары: жерлерді қайтару және ұтымды пайдалану, жайылымдарды кеңейту, елді мекендердің шекараларын белгілеу, бұзылған жерлерді қалпына келтіру. 2025 жылдан бастап жер учаскелерін алу үдерісінің ашықтығы мен ыңғайлылығын арттыру үшін қызметтерді цифрландыру жоспарлануда.

    Мекеменің негізгі міндеттері:

    1. Жер қатынастарын басқару және реттеу;
    2. Жер заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету;
    3. Жер заңнамасының бұзылуын анықтау және алдын алу.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    24.06.2026 жылғы "Ақпараттық сағат" хабарының баяндамасы.

    Баспасөз брифингіне арналған баяндама Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері! «Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы» жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғау, жерлердің құнарлылығын арттыру бүгінгі күннің өткір және басты мәселелердің бірі екендігін хабарлайды. Облыстың жалпы көлемі 30,1 млн. га жер қорының 26,9 млн. га ауыл шаруашылығы алқаптары, оның ішінде 25,3 млн. га жайылым, 739,7 мың га егістік, 461,8 мың га тынайған жерлер, 464,8 мың га шабындық, 1536 га көп жылдық екпелер болып келеді. Жер қорының санаттарына бөлінуі келесідей: - Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 13541,3 мың га; - Елді мекен жерлері 4347,7 мың га; - Өнеркәсіп жерлері 331,5 мың га; - Ерекше қорғалатын табиғи аймақ жерлері 1177,4 мың га; - Орман қорының жерлері 261,9 мың га; - Су қорының жерлері 13,1 мың га; - Ресей Федерациясының пайдалануындағы жерлер /полигон/ 477,8 мың га; - Босалқы жер қорындағы жерлер 9912, 2 мың га. Қайтарылған жерлерді айналымға енгізу Ақтөбе облысының әкімдігі Мемлекет басшысының жер ресурстарын тиімді пайдалану, пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару және оларды қайта айналымға енгізу жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде жүйелі жұмыстар жүргізуде. Нәтижесінде, 2022–2025 жылдар аралығында облыс бойынша жалпы көлемі 1 млн 256 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның ішінде 1 млн 92,3 мың гектар жер учаскесі қайтадан ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді. Қалған 164,2 мың гектар жерді қайта айналымға енгізу мақсатында Ақтөбе облысының әкімдігімен 2026 жылдың маусым айына дейінгі арнайы жоспар бекітілді. Жоспардың бірінші кезеңі шеңберінде 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін 28,7 мың гектар жерді айналымға енгізу көзделген болатын. Жыл қорытындысы бойынша нақты 31,5 мың гектар жер айналымға тартылып, жоспардың орындалуы 109,8 пайызды құрады. Ағымдағы жылы жоспардың екінші кезеңі аясында қосымша 7,3 мың гектар жер қайта айналымға енгізіліп, жұмыстар жалғасуда. Аудандар тарапынан жерге орналастыру жобаларының сәуір–мамыр айларында әзірленуіне байланысты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беру жөніндегі конкурстарды өткізу мамыр–маусым айларына жоспарланған. Сонымен қатар, жоспардың үшінші кезеңі аясында 97,4 мың гектар жер ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді. Осылайша, бүгінгі күні жалпы көлемі 136,3 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері қайта айналымға тартылды. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жоспарды толық көлемде орындау көзделіп отыр. Бұл ретте қайтарылған жерлердің 30 мың гектарын қайта айналымға енгізу және елді мекендердің жайылымдық жерлерін ұлғайту мақсатында 40 мың гектар жерді резервке қою жөніндегі жұмыстар жүзеге асырылатын болады. Осылайша, жайылым тапшылығы бар кейбір аудандарда жайылымдық алқаптардың көлемі ұлғаюда. 2024 жылы жекелеген аудандар бойынша елді мекен жерлерінде жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі 97,0 мың гектарды құраса, қазіргі таңда 18,9 мың гектарға , яғни 80,5%-ға азайып отыр: - Мәртөк ауданы 2024 жылы 45,9 мың га – 2026 жылы 18,9 мын га . 2022 жылғы Мемлекет басшысының жолдауында берілген тапсырмаға сәйкес, пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерін мемлекетке қайтару бойынша нақты шаралар қабылданды. Осы бағытта 2026 жылы 80 мың га жерді қайтару жоспарланған болатын. Қазіргі таңда 105 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылып жоспар 131%-ға орындалды. Жер қойнауын пайдалану үшін жер учаскелеріне түгендеу жүргізу Бүгінгі күні Басқарманың басты және өзекті мәселерінің бірі жер кодексінің 65, 140 баптарына сәйкес жер учаскесін пайдаланушылар жер учаскесін қалыпқа келтіруге (рекультивация) жасауға міндетті. 2026 жылы жер қойнауын пайдаланушыларға 6 жер учаскесі табысталды. Анықтама: 41 млн. теңге ауыл шаруашылығы шығасы өтеліп республикалық бюджетіне түсті. ҚР жер кодексінің 65, 140 баптарына сәйкес жер учаскесін пайдаланушылар жер учаскесін қалыпқа келтіруге (рекультивация) жасауға міндетті. Бұзылған жерлерді қалпына келтіру өзекті мәселерінің бірі болып табылады. Бұл бағытта Басқарма тарапынан «Ақтөбе облысының жер ресурстарын басқару департаменті» РММ ағымдағы жылы мерзімі аяқталған 30 жер пайдаланушылар бойынша рекультивация жобаларын талап етіп қалпына келтіруге және әкімшілік жауапкерлілікке тартуға жұмыстанудамыз. Бүгінгі күні жер қойнауын пайдалануға берілген Ақтөбе қаласында орналасқан мерзімі аяқталған жер учаскелерін қайтаруға және қалпына келтіруге тиісті материалдар сотқа жолдануда. Базалық ставкаларды көтеру ҚР Жер кодексінің басты приципі ол - жердi ақылы пайдалану принциптерiне негiзделедi. Басқарма салық базасын кеңейту мақсатында төлемақының базалық ставкаларына өзгеріс енгізуді ұсынып отырмыз. Төлемақының базалық ставкасы - мемлекет жер учаскесіне жеке меншік құқығын берген кезде немесе уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын сатқан кезде оның кадастрлық (бағалау) құнын айқындауға арналған жер учаскесінің нормативтік бағасы. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2011 жылғы 12 қазандағы №328 және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2011 жылғы 12 қазандағы №415 «Ақтөбе облысы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» бірлескен қаулымен қабылданған.14 жыл аралығында салық базасын кеңейту мақсатында базалық ставкаларға өзгеріс енгізілмеген. Қазіргі таңда, Ақтөбе қаласының базалық ставкасы қарастырылуда, 2026 жылдың басында бекітіліп беріледі. Бұрынғы базалық ставка 1 шаршы метрге 1287 болса, өзгертіліп отырған ставка 2450 теңге құрайды. Яғни 1000 шаршы метрдің кадастрлық құны бұрын 2 млн 574 мың болса, өзгертілген құны 4 млн 900 мың тг құрайды. Мысалы: аудандардың әкімшілік орталықтары болып табылатын Алға, Қандыағаш, Эмба, Хромтау, Шалқар қалаларынның және Хобда, Шұбарқұдық, Қарауылкелді, Мәртөк аудан орталықтарында экономикалық дамуы қарқынды өсуде. Базалық ставканының көтерудің негізгі мақсаты – бұл өз кезегінде жер ресурстарын жауапты әрі тиімді пайдалануға және салық түсімдерін кеңейтуге атап айтқанда, білім беру денсаулық сақтау және инфрақұрылымды дамыту сияқты қоғамға қажетті жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік беретінің қосымша мәлімдейміз. Кестеде көрсетіліп отырғандай базалық ставканы көтерген жағдайда жергілікті бюджетке қаражатты 15 пайызға осы арқылы көтеруге болады. Баяндама аяқталды, назарларыңызға рахмет!

    30 маусым 2026 ж.Тікелей
    Ақтөбе телеарнасы

    Сұрақ-жауап

    Ақпарат

    2026 жыл ІІ квартал есебі

    Басқармамен 2026 жылғы 1-тоқсанында жалпы саны53 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл көрсетілген 53мемлекетік қызметтің қызметтің 33 жеке тұлғаларға, ал 20 қызметі заңды тұлғаларға көрсетілді. Аталған кезеңде көрсетілген 53 мемлекеттік қызметтердің ішінде электрондық түрде мемлекеттік қызметтерді көрсету мөлшері 99 % (пайыз) құрап отыр. Көрсетілген 53 мемлекеттік қызметтердің ішінде ағымдағы жылдың 1-тоқсанында 17 мемлекеттік қызмет электрондық түрде, 1 мемлекеттік қызмет қағаз түрінде көрсетілді, 35 мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылды.Бұл мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартулар электрондық қызметтердің үлесіне жатады. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартулар: «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» -33қызмет (облыстың жергілікті атқарушы органының құзыретіне кірмейді. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына сәйкес, қала шекарасының (шегі) шебінде және оның әкімшілік бағыныстылығына берілген аумақта жер қатынастарын реттеу облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының құзыретіне жататындықтан); «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» - 2 қызмет(ҚР АШМ 2023 жылғы 2 тамыздағы № 289 «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы бұйрығына сәйкес келмейді); Аталған есеп кезеңінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасына арыз-шағымдар түскен жоқ. Өтініштерді уақытылы өндеу және электрондық форматта мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің бұзылмау шаралары қадағалануда. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылмауы және өтініштерді уақытылы қарау бойынша «Мониторинг» АЖ күн сайын жүргізіледі. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін тұтынушыларға қолайлы жағдай жасалынған. Басқарма мамандарымен мемлекеттік қызметтер қазіргі заң талаптарының нормаларына сәйкес көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің лауазымдық біліктілігін арттыру бойынша I-тоқсанда 1 бас маман біліктілігін арттырды. Мемлекеттік қызмет бойынша ақпараттарды бұқаралық ақпарат құралдарына және барлық әлеуметтік желілерге орналастыру, аудандарға барып түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Басқармамен алдағы уақытта да мемлекеттік қызмет көрсету саласында мемлекеттік қызметті уақытылы, сапалы және оны жетілдіру бойынша іс-шаралар жүйелі түрде жүргізілетін болады.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жыл І квартал есебі

    Басқармамен 2026 жылғы І-тоқсанында жалпы саны53 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл көрсетілген 53мемлекетік қызметтің қызметтің 33 жеке тұлғаларға, ал 20 қызметі заңды тұлғаларға көрсетілді. Аталған кезеңде көрсетілген 53 мемлекеттік қызметтердің ішінде электрондық түрде мемлекеттік қызметтерді көрсету мөлшері 99 % (пайыз) құрап отыр. Көрсетілген 53 мемлекеттік қызметтердің ішінде ағымдағы жылдың 1-тоқсанында 17 мемлекеттік қызмет электрондық түрде, 1 мемлекеттік қызмет қағаз түрінде көрсетілді, 35 мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылды.Бұл мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартулар электрондық қызметтердің үлесіне жатады. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартулар: «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» -33қызмет (облыстың жергілікті атқарушы органының құзыретіне кірмейді. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына сәйкес, қала шекарасының (шегі) шебінде және оның әкімшілік бағыныстылығына берілген аумақта жер қатынастарын реттеу облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының құзыретіне жататындықтан); «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» - 2 қызмет(ҚР АШМ 2023 жылғы 2 тамыздағы № 289 «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы бұйрығына сәйкес келмейді); Аталған есеп кезеңінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасына арыз-шағымдар түскен жоқ. Өтініштерді уақытылы өндеу және электрондық форматта мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің бұзылмау шаралары қадағалануда. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылмауы және өтініштерді уақытылы қарау бойынша «Мониторинг» АЖ күн сайын жүргізіледі. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін тұтынушыларға қолайлы жағдай жасалынған. Басқарма мамандарымен мемлекеттік қызметтер қазіргі заң талаптарының нормаларына сәйкес көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің лауазымдық біліктілігін арттыру бойынша I-тоқсанда 1 бас маман біліктілігін арттырды. Мемлекеттік қызмет бойынша ақпараттарды бұқаралық ақпарат құралдарына және барлық әлеуметтік желілерге орналастыру, аудандарға барып түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Басқармамен алдағы уақытта да мемлекеттік қызмет көрсету саласында мемлекеттік қызметті уақытылы, сапалы және оны жетілдіру бойынша іс-шаралар жүйелі түрде жүргізілетін болады.

    Жарияланды:
    Хаттама

    2026 жылғы 14 шілдеде Байғанин ауданы бойынша өткізілген шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың хаттамалық шешімі

    Жарияланды:
    Хаттама

    Облыстық жер комиссиясының 2026 жылғы маусым айындағы хаттамалық шешімдері

    Жарияланды:
    Бюджет

    «Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы» ММ-нің 2026-2028 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті

    Жарияланды:
    Хаттама

    Облыстық жер комиссиясының 2026 жылғы шілде айындағы хаттамалық шешімдері

    Жарияланды: