Қызметкерлер — Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы

    Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    1
    Ержанов Нұрбол Бақытжанұлы
    Қызметкерлер

    Ержанов Нұрбол Бақытжанұлы

    "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" ММ басшысы

    1987 жылы 22 қаңтарда Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шалқар қаласында дүниеге келген. 2008 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2010 жылы М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Көлік тасымалын ұйымдастыру, қозғалыс және пайдалану» мамандығы бойынша бітірген. Сол жылы Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған. 2019 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын «Мемлекеттік және муниципалдық басқару» бағыты бойынша аяқтаған.

    Басқа қызметкерлер

    2
    Кабидуллин Адильбек Кабидуллаевич
    Қызметкерлер

    Кабидуллин Адильбек Кабидуллаевич

    Жер учаскелерін табыстау мен алып қоюға ұсыныс дайындау бөлімінің басшысы

    1991 жылы 26 қыркүйекте Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Білімі- жоғары. 2013 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық -техникалық университетін "Кадастр" мамандығын тәмамдаған.

    Советов Қанат Жарылғасұлы
    Қызметкерлер

    Советов Қанат Жарылғасұлы

    Жерге орналастыру және жердің есебін жүргізу бөлімінің басшысы

    1992 жылы 18 шілде Актөбе облысы, Темір ауданы, Темір қаласында дуниеге келген. Білімі жоғары. 2010 жылы маусым айында Ақтөбе кооперативтік колледжінде «Экономика, бухгалтерлік есеп жене аудит» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2013 жылы С.Бәйшев атындағы университетін «Мемлекеттік жане жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірді. 2016 - 2017 жж. Қазақ-Орыс Халықаралық университетінде заң магистрі, құқықтану мамандығы бойынша бітіріп шықты.