Қапышева Алтын-Ай Әмірғалиқызы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Заң департаментінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы
Өмірбаян
1981 жылғы 31 тамызда Алматы қаласында дүниеге келді. Заң ғылымдарының магистрі.
2002 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік заң университетінің Халықаралық құқық факультетін үздік бітірді, ал 2013 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сот төрелігі институтының мамандандырылған магистратурасын үздік аяқтады. Қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерін меңгерген. Марапаттарға, сертификаттарға (оның ішінде ЕЭО, ЭЫДҰ, ЕҚЫҰ бағыттары бойынша) ие, Сингапур, Германия Федеративтік Республикасы, Қытай Халық Республикасында халықаралық тағылымдамадан өтті, сонымен қатар Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде өтті.
Заңтану саласында 11 жылдан астам тәжірибесі бар. Еңбек қызметін жекеменшік ұйымдар, мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде атқарған. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігі жүйесінде 2009 жылдан бастап сарапшыдан Заң департаментінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы басшысына дейін еңбек жолынан өтті.





