
Әбілев Думан Қайратұлы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалау және бақылау департаментінің директоры
Өмірбаян
Думан Әбілев 1985 жылы дүниеге келген. «Болашақ» Академиясының (2007 жыл), Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің (2011 жыл) түлегі. Саясаттанушы, саясаттану мұғалімі, құқық бакалавры.
Еңбек жолын 2008 жылы Қарағанды облысының Ішкі саясат басқармасында бастап, 2011 жылдың қазанына дейін жетекші, бас маман лауазымдарында жұмыс істеді;
2011-2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қарағанды облысы бойынша департаментінің консультанты;
2014-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бас сарапшысы, бас консультанты, басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды;
2021-2022 жылдары – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Мемлекеттік қызмет департаментінің директоры;
2022-2025 жылдары – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы-Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы;
2025 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалау және бақылау департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.





