
Еркебаев Нұрлан Тәңірбердіұлы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы
Өмірбаян
1977 жылы туған. 2 жоғары білімі бар.
2000-2005 жылдар аралығында Жамбыл облысы Жуалы ауданында Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебінің мұғалімі болып қызмет етті.
2005-2011 жылдар аралығында әр түрлі мемлекеттік лауазымдарда, оның ішінде Жуалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық және мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің бас маманы, Жуалы ауданы әкімі аппаратының басшысы, Жуалы ауданы әкімінің кеңесшісі, Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы, «Нұр Отан» ХДП Жуалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жуалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық және мемлекеттік құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының бас маманы қызметтерін атқарды.
2011-2014 жылдар аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің консультанты. Тараз қаласы Жамбыл облысы.
2014-2015 жылдар аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы. Тараз қаласы Жамбыл облысы
2015-2016 жылдар аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы. Тараз қаласы Жамбыл облысы
2016-2020 жылдар аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары. Тараз қаласы Жамбыл облысы
2020 -2020 жылдар аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Стратегиялық жұмыс және халықаралық бағдарламалар департаментінің бас консультанты. Нұр-Сұлтан қаласы.
2020-2021 жылдар аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің әкімшілік басқармасының басшысы. Тараз қаласы Жамбыл облысы.
2021-2024 жылдар аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы. Өскемен қаласы Шығыс Қазақстан облысы.
28.08.2024 жылдан бастап- қазіргі уақытқа дейін - ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы.





