
Копдикбаев Болат Исаханұлы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы
Өмірбаян
1984 жылы 12 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген. 2001-2005 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының заң институтын заңгер мамандығы бойынша аяқтаған.
2005 жылдан 2010 жылға дейін Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарындарында қызмет атқарған.
2010 жылдан 2014 жылдар аралығында Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінде қызмет атқарған.
2014 жылдан 2018 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдарында жұмыс атқарған.
2023 жылдың ақпан айынан қазан айына дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы лауазымын атқарған.
2023 жылдың қазанынан 2024 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2024 жылғы қыркүйегінен 2025 жылдың маусымына дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарады.
2025 жылғы 23 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.





