Карабекова Сауле Набатовна

    №2 Медициналық – әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    1994 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтына оқуға түсіп, 2000 жылы аталған оқу орнын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірді.

    Еңбек жолымды 2002 жылғы 8 қарашада Ақтөбе облысы бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің №4 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінде бас маман міндетін атқарушы қызметінен бастады.
    2002 жылғы 23 желтоқсаннан 2008 жылғы 26 маусымға дейін Ақтөбе облысы бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің №4 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінде бас маман қызметін атқарды.
    2008 жылғы 26 маусымнан 2010 жылғы 25 маусымға дейін Ақтөбе облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің №4 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінде бас маман болып жұмыс істеді.
    2010 жылғы 25 маусымнан 2011 жылғы 10 мамырға дейін Ақтөбе облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің №5 мамандандырылған медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінде бас маман міндетін уақытша атқарды.
    2011 жылғы 10 мамырдан 2014 жылғы 7 қарашаға дейін Ақтөбе облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің №3 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінде бас маман қызметін атқарды.
    2014 жылғы 7 қарашадан 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің №3 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінде бас маман болып жұмыс істеді.
    2022 жылғы 1 қаңтардан 2023 жылғы 9 сәуірге дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімінде бас маман қызметін атқарды.
    2023 жылғы 10 сәуірден 2024 жылғы 19 тамызға дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің №4 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінде бас маман болып жұмыс істеді.
    2024 жылғы 20 тамыздан 2024 жылғы 5 қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің №2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінде бас маман қызметін атқарды.
    2024 жылғы 6 қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің №2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері