Картпаева Светлана Алпысбаевна

    Медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    1973 жылғы 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Жарық ауылында дүниеге келді.
    1990 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтына оқуға түсіп, 1996 жылы аталған оқу орнын бітірді.

    Еңбек жолымды 1990 жылғы 1 қыркүйекте Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының студенті болып бастады.

    1997 жылғы 13 қаңтардан 1997 жылғы 4 маусымға дейін Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласындағы Ақраб учаскелік ауруханасында учаскелік дәрігер-терапевт болып жұмыс істеді.
    1998 жылғы 9 қыркүйектен 2000 жылғы 11 қазанға дейін Ақтөбе облыстық физика-математика мектеп-интернатында дәрігер қызметін атқарды.
    2000 жылғы 12 қазаннан 2002 жылғы 3 қаңтарға дейін Ақтөбе облысы бойынша еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қалалық №2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінде дәрігер-реабилитолог болып жұмыс істеді.
    2002 жылғы 3 қаңтардан 20 ақпанға дейін Ақтөбе облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің ДӘС бөлімінің бас маманы міндетін атқарушы қызметін атқарды.
    2002 жылғы 20 ақпаннан 2008 жылғы 26 маусымға дейін Ақтөбе облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің ДӘС бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
    2008 жылғы 26 маусымнан 2014 жылғы 7 қарашаға дейін Ақтөбе облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің №1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
    2014 жылғы 7 қарашадан 2025 жылғы 12 қаңтарға дейін Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің №1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
    2025 жылғы 13 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері