
Низамутдинова Алия Амангельдиевна
№1 Медициналық – әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1966 жылғы 1 мамырда Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласында дүниеге келді. 1983 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтына препаратор болып жұмысқа орналастым. 1984 жылы аталған институтқа оқуға түсіп, 1990 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын бітірді. |
1990 жылғы тамыз айынан бастап Ақтөбе облысы Қобда аудандық орталық ауруханасында дәрігер-интерн болып еңбек жолымды жалғастырдым. 1991–1993 жылдары Ақтөбе қаласындағы қалалық №2 клиникада дәрігер-терапевт болып жұмыс істеді.
1993 жылдан бастап Ақтөбе облыстық еңбек басқармасында дәрігер-реабилитолог қызметін атқарды.
2002 жылғы қаңтар айынан бастап медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) саласында еңбек жолымды жалғастырдым. 2002–2008 жылдары Ақтөбе облысы бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің МӘС бөлімінде бас маман болып жұмыс істеді.
2008–2014 жылдары Ақтөбе облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің №4 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінде бас маман қызметін атқарды.
2014–2023 жылдары Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің №4 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінде бас маман болып еңбек етті.
2023 жылғы 29 наурыздан 2024 жылғы 19 тамызға дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті №4 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2024 жылғы 20 тамыздан 4 қарашаға дейін аталған департаменттің №2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
2024 жылғы 5 қарашадан 2025 жылғы 7 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2025 жылғы 8 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті №1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келеді.


