
Тасанова Эльмира Дуйсенбаевна
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Мен, Тасанова Эльмира Дуйсенбаевна, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы, C-O-4 санаты бойынша мемлекеттік қызметшімін.
Еңбек жолымды 2002 жылғы 3 қаңтарда «Ромат» фармациялық компаниясы» ЖШС-де менеджер қызметінен бастадым.
2002 жылғы 24 маусымнан 2003 жылғы 4 қарашаға дейін Ақтөбе облысы сотында сот орындаушысы қызметін атқардым.
2003 жылғы 4 қарашадан 2009 жылғы 2 шілдеге дейін Ақтөбе облысы сотында жетекші маман қызметін атқардым.
2009 жылғы 2 шілдеден 28 қыркүйекке дейін Ақтөбе облысы сотының сот орындаушысы қызметін атқардым.
2009 жылғы 29 қыркүйектен 2011 жылғы 28 қаңтарға дейін «Ақтөбе облысының энергетика және коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ-де бас маман қызметін атқардым.
2019 жылғы 24 қаңтардан бастап Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде қызмет атқардым. 2019 жылғы 24 қаңтардан 4 сәуірге дейін әкімшілік-құқықтық секторының бас маманы міндетін атқарушы, 2019 жылғы 4 сәуірден 6 қыркүйекке дейін аталған сектордың бас маманы қызметін атқардым.
2019 жылғы 19 сәуірден 2021 жылғы 17 наурызға дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңінде тұрғын үй көмегі секторының бас маманы қызметін атқардым.
2021 жылғы 17 наурыздан 19 сәуірге дейін негізгі қызметкердің жүктілікке және босануға байланысты демалысы кезеңінде тұрғын үй көмегі секторының бас маманы қызметін атқардым.
2021 жылғы 12 тамыздан 2025 жылғы 1 шілдеге дейін Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әкімшілік-құқықтық және кадрлық жұмыс секторының бас маманы қызметін атқардым.
2025 жылғы 2 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы қызметін атқарып келемін.
Еңбек қызметім барысында сот жүйесінде, жергілікті атқарушы органда және әлеуметтік қорғау саласында еңбек етіп, мемлекеттік басқару, әкімшілік-құқықтық, кадрлық және әлеуметтік қорғау бағыттарында тәжірибе жинақтадым.


